Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте тазалық мәселесі қаралды

Мәжілісте тазалық мәселесі қаралды

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы атап өткен болатын. Аталмыш экологиялық акция еліміз бойынша биылда жалғасын табатын болады.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтановтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, аудан көлемінде жасалатын санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары талқыланды.

-Туған жердің тазалығы әр қашанда басты назарда болуы тиіс. Сол үшін де біз жан-жағымызды жинастырып, санитарлық тазалыққа мән беріп, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуіміз қажет. Жыл көлемінде аудан аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, акция жоғары деңгейде жүргізілуі қажет, - деді Мұрат Байғабылұлы.
Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Соған сәйкес Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және барлық ауылдық округ әкімдеріне наурыз мерекелеріне дейін санитарлық тазалық жұмыстарымен шектелмей, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, яғни елді мекендердегі мекемелер мен үйлердің қасбеттеріне сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұған қоса, аялдамалар, жол белгілері мен түнгі жарықшамдарын сырлау, автомобиль жолдарына жол жолақтарын сызу сынды жұмыстарды да жүргізу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аудан көлемінде жыл көлемінде жалғасатынын айтып, туған жердің тазалығы үшін тұрғындарды да тазалық акциясына белсене қатысуға ұйымдастыру керектігін жеткізді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 ақпан 2025 ж. 313 0

Көңіл толқытқан трагедия

24 қаңтар 2026 ж. 121

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 138

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 191

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031