Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жер тазалығы – баршаға ортақ

Туған жер тазалығы – баршаға ортақ

Туған жердің тазалығы қашанда басты назарда болуы тиіс. Себебі, тазалық денсаулықтың басты кепілі. Сол үшін де біз жан-жағымызды жинастырып, санитарлық тазалыққа мән беріп, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын үнемі жүргізуіміз қажет.

Осыған орай бүгін Қазалыда аудан тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты.
Аудан тұрғындары өздеріне бекітілген аумаққа тазарту жұмыстарын жүргізіп, шөп-шалаңды шапты, қоқыстарды жинады. Осылайша қазалылықтар «Қоқыссыз таза табиғат» жалпы ұлттық акциясына өздерінің үлестерін қосты.
Бұдан бөлек, тұрғындар тиісті көшелердегі қоқысты жинап, санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысты.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, қоғам үшін тиімділігі зор жұмыс жалғасын табатын болады. Оған тек мекеме қызметкерлері емес, тұрғындар да белсенділікпен қатысуы керек. Өйткені бұл – баршаға ортақ.

#Қазалы
08 қазан 2022 ж. 985 0

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031