Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарифтегі өзгеріс тұрғындарды алаңдатпауы тиіс

Тарифтегі өзгеріс тұрғындарды алаңдатпауы тиіс

Ұлттық статистика бюро мәліметінше, Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері бір жылда біршама көтерілді. Өткен жыл ішінде суық су 23,5%-ке, ал ыстық су 23,8%- ке қымбаттады. Былтыр жыл басынан ауызсу құны 15,6%-ке өсіп, бір текше метрге 87,48 теңгеге жетті. Электр энергиясының тарифі де ұлғайды.
Осыған орай өткен жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімдер келіп түсті.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалымен жылумен жабдықтау қызметтеріне орташа босату тарифінің жобасы ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 13701,45 теңгені құрады немесе қолданыстағы тарифтен 19,5%- ке өзгертіліп ұсынылды.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес Департамент «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының өтінімдерін қарау кезінде Әйтеке би кенттік клубында жария тыңдау өткізді. Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен тұтынушылар қатысты.
Қазіргі уақытта Департамент қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өтініммен бірге ұсынылған «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының құжаттарына талдау жүргізуде.
Жария тыңдау барысында баяндама жасаған «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының маманы мекеме Әйтеке би кенті бойынша бюджеттік, теміржол, басқа да мекемелермен тұрғындарды жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметін көрсететіндігін мәлім етті.
Атап айтқанда, «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы 96 мекеме, оның ішінде, 25 бюджеттік, 12 теміржол, 59 басқа да мекемемен 80 көпқабатты және 202 жеке тұрғын үйді жылу энергиясымен жабдықтап келеді. Жылына – 40279,4 гкал жылу энергиясы өндіріліп, 32545,8 гкал жылу энергиясы тұтынушыларға таратылады. Мұнда – 97 жұмысшы-қызметкер жұмыс істейді.
«Қазалы-Теміржолжылу» филиалының экономисі Сәкен Райымның айтуынша, жылу энергиясының тарифін қайта қарауға немесе өсіруге департаментке өтінім түсірудің бірден бір себебі, қазіргі қолданыстағы тарифтің өзін-өзі ақтамауы және 2023 жылдың бағасымен 2024 жылдың тарифтік сметасына салынған газ отыны, электр энергия, су және басқа да шығындар бағасының бүгінгі күнгі бағамен салыстыруға келмеуі.
– Біріншіден, қолданыстағы тарифтік сметаға жылу энергиясын өндіруге немесе тікелей өндіріске қатысты шығындар оның ішінде, газ отыны жылу энергиясын заңды тұлғаларға өндіруге 1 текше метр газ отынының бағасы ҚҚС-сыз 16,35 теңгеден, 19,89 теңгеге (21,7%), тұрғындарға жылу энергиясын өндіруге 14,36 теңгеден, 17,47 теңгеге (21,7%) өссе, электр энергияның кВт-ы ҚҚС-сыз 21,14 теңгеден 24,61 теңгеге (16,4%), судың текше метрі 274,86 теңгеден 468,59 теңгеге (70,5%) өсті.
Екіншіден, Қ.Ерімбет көшесіндегі көпқабатты 6 үйдің қазандығы «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының теңгеріміне берілуінің де әсері жоқ емес. Қ.Ерімбет көшесіндегі көпқабатты 6 үйдің қазандығының шығындары, оның ішінде, газ отыны, электр энергия, су және жалақы шығындары қолданыстағы тарифтік сметада болмауы себепті, жоба тарифтік сметаға енгізіліп ұсынылуда.
Бұл ретте филиал тарапынан департаментке жылу энергиясының тарифы тұрғындарға ҚҚС-сыз – 1705,72 теңгеден, 2039,11 теңгеге, бюджеттік мекемелерге – 16287,03 теңгеден 19470,44 теңгеге, басқада мекемелерге – 14416,39 теңгеден, 17234,17 теңгеге немесе 19,5 пайызға өсіруге ұсыныс берілді, – дейді «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының экономисі Сәкен Райым.
Қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Яғни «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының шығынына орай ортақ шешім шығару керек. Шығынын жабу жолын қарастырған жөн. Облыс бойынша екі ғана ТЭЦ бар. Сондықтан ізін жоймай, сақтап қалу қажет. Үйлерге жылу жаққандығына орай счетчик қойылу керек. Дегенмен тұрғындар өздері қою қажет. Сондықтан тұрғындар КСК-ға өтініш жасау мүмкіндігі бар дегенді алға тартты мамандар.
Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған сын-ескертпелермен, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылданатын болады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
04 ақпан 2025 ж. 189 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 121

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728