Қызылорда облысында коммуналдық қызметтің тарифтері төмендетілді
![](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/04/02/200402210604126e.jpg)
ҚР Президентінің коронавирус жағдайы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау үшін, Қызылорда облысында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері төтенше жағдай кезеңінде тұрғындардың қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында, сондай-ақ қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, өз бастамалармен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:
«Қызылорда су жүйесі» МКК - сумен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге дейін немесе 10,5% -ға төмендетілді; су бұру қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 48,82 теңгеден 43,0 теңгеге дейін немесе 11,9% -ға төмендетілді;
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК: - жылумен жабдықтау қызметіне тұрғындарға тариф есептеу құралдары бар жеке тұлғаларға 1 Гкалға ҚҚС-мен 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін төмендеді; есептеу құралдары жоқтарға 1 шаршы метрге жылуға төлем ақы ҚҚС-мен 96,76 теңгеден 87,08 теңгеге дейін немесе 10% -ға төмендетілді;
«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШСсумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін орташа босату тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 53,37 теңгеден 48,52 теңгеге дейін немесе 9,1% -ға төмендетілді.
Сонымен қатар, 3 энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр қуатын берудің орташа бағасы тұрғындар үшін 1 кВт/сағатқа ҚҚС-мен 9,1% төмендеді, оның ішінде:
- «Энергосервис» ЖШС ҚҚС-мен 15,90 теңгеден 14,46 теңгеге дейін;
- «Шиелі Жарығы» ЖШС ҚҚС-мен 17,49 теңгеден 15,90 теңгеге дейін;
- «Дәулетэнерго» ЖШС ҚҚС-мен 18,26 теңгеден 16,60 теңгеге дейін.
Сәйкесінше, тұрғындар үшін тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер 9,1% төмендетілді.