Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тариф көтерілсе, жұмыс жүйелі жүреді

Тариф көтерілсе, жұмыс жүйелі жүреді

Жақында Әйтеке би кенттік клубында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен "Қазалы-Теміржолжылу" филиалының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту өтінімін талқылаған жиын өтті.
Қазақстан Республикасы "Табиғи монополиялар туралы" заңының талаптарына сәйкес өтінімді қарау кезінде жария тыңдау ұйымдастырылды. Онда халық қалаулылары, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен тұтынушылар қатысты.
"Қазалы-Теміржолжылу" филиалы Әйтеке би кенті бойынша теміржол, тарапты, бюджеттік және жеке тұрғындарды жылу энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Осындағы қазандықтың салынғанына да отыз жылға жуықтап қалды. Мұнда 4 дана негізгі отын көзі газбен жұмыс істейтін бу қазандығы орналасқан. Резервте мазут отыны да сақтаулы. Әр қазандықтың жобалық қуаты 10,24 гкал/сағатты құрайды. Филиал 98 мекеме, 74 көпқабатты және 204 жеке тұрғын үйлерді жылу энергиясымен жабдықтап келеді.
Мамандардың жанайқайына құлақ салсақ, қазандықтардың тозығы жеткен. Бір қазандықтың жобалық өндіру қуаты 10,24 гкал/сағат болса, қазір бір қазандықтың сағатына нақты өндіріп отырған жылу қуаты 3,4 гкал/сағат болып тұр. Осының барлығы жылу энергиясын өндіруге кететін шикізат және материалдардың нормадан артық жұмсалуына әкеп соғуда. Филиалдың қаржы жағдайына кері әсерін тигізуде. Жылдың тек 6 айында ғана табыс тауып, қалған айларда жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізеді. Қаражат енгізудің аз болуына байланысты жаз мезгілінде жөндеу жұмыстарын есептемегенде, жұмысшылардың жалақысын берудің өзі қиындықтар туғызуда. Жалақы төмен болуына байланысты білікті мамандарды ұстап қалу мүмкін болмай тұр.
Биыл 8 маман жұмыстан шығып кеткен. Атап айтқанда, электрик, КИИП маманы, энергетиктер, жөндеу слесарлары тұрақтамауда. Егер де ұсынылып отырған жобадағы тариф бекітіліп, іс жүзінде өндіріске енгізілетін болса, филиал жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша өзін-өзі ақтап, алдағы уақытта қалыпты жұмыс жасайды деп күтілуде.
Қазіргі кезде департамент қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өтініммен бірге ұсынылған "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК-ның "Қазалы-Теміржолжылу" филиалының құжаттарына сараптама жүргізуде. Тыңдауға қатысушылардың айтқан ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, тарифті бекіту бойынша түпкілікті шешім алдағы уақытта қабылданатын болды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
13 желтоқсан 2022 ж. 362 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031