Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша іс-шараларға өзгерістер енгізілді

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша іс-шараларға өзгерістер енгізілді


Kyzylorda-news.kz Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті 53 қызмет түрі бойынша 33 табиғи монополия субъектілерінің жұмысын реттейді. Олар өткен жылы электр энергиясы және газбен жабдықтау саласындағы 4 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асырған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында департамент басшысы Айбек Егембергенов өткен жылы салада атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
– 2023 жылы басталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында өткен жылы 4 субъектінің тарифтері қайта қаралып, тұтынушыларға тиісті қаржы қайтарылды. Сонымен бірге, бекітілген тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуына талдау бойынша 14 субъектіге 20 қызмет түрімен уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, қолданыстағы тарифтер 0,04% - 47,7 % аралығында төмендетілді. Алдағы уақытта табиғи монополия субъектілері өткен жылы статистика деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі, стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқаруға алуы негіздерімен тарифтерін өзгертеді. Сондай-ақ, су ресурстарын тұтыну мәдениетін арттыру және тұтынушыларды су мен жылу үнемдеуге ынталандыру үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға «Тұтынудың әлеуметтік нормалары» ұғымы енгізілді. Олар жоғарыда аталған қағидат бойынша сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну көлеміне байланысты жоғары тарифтерді белгілеуге бағытталған. 1 қаңтардан бастап «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-і жылумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген сараланған тарифтермен жұмыс жасауда. Қазіргі таңда департаментпен «Қызылорда су жүйесі» МКК-ны сумен жабдықтау қызметіне тарифтерді және тарифтік сметаларды 2025-2030 жылдарға бекітуге және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалынан жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге ұсынған өтінімдерінде тұтынудың әлеуметтік нормалары ескерілген,-деді Айбек Асылханұлы.
30 қаңтар 2025 ж. 56 0

Жыр төгілген кеш

30 қаңтар 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031