Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы елімізде шариғат қағидаларына негізделген ипотека іске қосылады

Келесі жылы елімізде шариғат қағидаларына негізделген ипотека іске қосылады

Банк қызметкерлері исламдық қаржы құқығы саласындағы кәсіби білімін арттырады. 
Фото: kapster
Отбасы банк серіктестерімен бірге 2025 жылы Қазақстанда исламдық ипотекасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада Отбасы банк, Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) Қазақстандағы исламдық қаржы индустриясын дамыту туралы меморандумға қол қойды. Бірінші кезеңде тараптар қазақстандық заңнаманы зерделеу және тиісті өзгертулер енгізу, исламдық қаржыландыру саласында бірлескен оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізу, бірлескен сараптамалық, ақпараттық, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуі керек.
"Біз сарапшылар тобымен және құрылысшылар қауымдастығымен бір емес бірнеше рет кездесіп, Қазақстанда исламдық ипотекаға сұраныстың жоғары екеніне көз жеткіздік. Діни ұстанымдағы азаматтарымыз ақшаны өсімге алмауы, пайдаланбауы керек. Бірақ оларға да өзге азаматтарымызға сияқты жеке баспана қажет. Біз бір қоғам және мемлекетпіз, бізде діни сенім бостандығы бар және сенімі баспана мәселесін шешуге мүмкіндік бермейтін қазақстандықтарға қолдау көрсетуіміз керек. 2025 жылы біз алдымызға исламдық ипотеканы іске қосу бойынша жұмысты бастау міндетін қойдық. Бізде ислам ипотекасы қарастырылмаған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң бар. Алайда заңнамалық бастамалар заңда "исламдық терезе" деп аталатын жеке бөлімді құруға және ислам ипотекасын алу үдерісін сипаттауға көмектеседі", - деді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Шариғат қағидаларына негізделген исламдық ипотекада негізгі қарызға пайыздар қолданылмайды. Сондықтан алдағы уақытта банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалана отырып, исламдық қағидаттар бойынша тұрғын үйді қаншалықты нақты сатып алуға болатынын қарастырады.
Бұдан басқа Отбасы банк CSQlaw Қазақстандағы филиалымен де меморандумға қол қойды. Бұл – малайзиялық компанияның Қазақстандағы филиалы. 
"Ынтымақтастық аясында бұл компания Отбасы банк қызметкерлерін шариятқа сай қаржылық құқық негіздері мен исламдық қаржыландыру бойынша кешенді оқытуды ұйымдастырады. Бұл банк қызметкерлерінің исламдық қаржы құқығы саласындағы кәсіби білімін арттырып, тәжірибесін кеңейтеді. Сонда банктің жаңа клиенттері ислам талаптарына сай сапалы қызмет алып, баспана мәселесін шеше алады", - делінген "Отбасы банк" таратқан ақпаратта.
31 желтоқсан 2024 ж. 283 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930