Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ақшаны қолма-қол ұстап жүру керегі рас па?

Алдағы күндері ақшаны қолма-қол ұстап жүру керегі рас па?

Фото: depositphotos.com
Мессенджерлерде 9 және 10 Қарашада ISO халықаралық төлем хабарламаларының форматын енгізуге байланысты Қазақстанда барлық банк бойынша төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қазақстандықтарға осы екі күнге қолма-қол ақша ұстау ұсынылатыны айтылған. Ақпаратқа Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Желіде тараған ақпарат бойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, елдің төлем жүйелеріне ISO 20022 төлем хабарламаларының халықаралық форматын енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте төлем хабарламаларының халықаралық стандартын пайдалану банктердің өз клиенттеріне қаржылық қызметтер көрсету рәсімін өзгертпейтіні хабарланады.

"Бұл жұмыстар карточкалар бойынша төлемдерге әсер етпейді. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар бойынша есеп айырысуы, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс ақысы және басқа да қызметтер өзгеріссіз қалады", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Бұл ретте банктер өздерінің ақпараттық жүйелерін баптау қажеттілігіне байланысты техникалық жұмыстар жүргізеді. Оларды іске асыру үшін банкаралық қызмет көрсетумен байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқа мерзімді өзгерістер болуы мүмкін (қаржы ұйымдары ISO 20022 енгізу қарсаңында демалыс күндері).
"Қазіргі уақытта қаржы институттары өз клиенттеріне 2024 жылғы қарашаның аяғына дейін болатын жаңа стандартқа көшу шеңберінде банктердің техникалық жұмыстарды жүргізу уақыты туралы алдын ала хабарлайды", - деп толықтырды Ұлттық банк.
Ұлттық банк ISO 20022 қаржы ұйымдары арасында электрон хабарлама алмасудың жалпы әлемдік стандарты бизнес-процестерді автоматтандыру үшін құрылғанын нақтылады. Осы стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 базасында іске асырылатын жаңа шешімдерге қолжеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларымен алмасудың бірыңғай үлгілерін қолдану есебінен барлық тараптардың шығындарын қысқартады.

07 қараша 2024 ж. 190 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930