Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы "Отбасы банкі" исламдық ипотеканы іске қосатын болды

2025 жылы "Отбасы банкі" исламдық ипотеканы іске қосатын болды

Исламдық ипотекада негізгі қарызға сыйақы төлеу мүмкін болмағандықтан, "Отбасы Банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы үйді қалай сатып алуға болатынын нақты қарастырады
Сурет: kaztag.kz
2025 жылы "Отбасы банкі" исламдық ипотеканы іске қосады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Отбасы" банкі, Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) исламдық қаржы индустриясын дамыту туралы меморандумға қол қойды", – деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Тараптар ең алдымен қазақстандық заңнамаға өзгерістер енгізу және исламдық қаржыландыру саласында бірлескен оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізу мүмкіндіктерін зерттейді.
"Қазақстанда ислам ипотекасына сұраныс өте жоғары. Діни қағидаларды ұстанатын азаматтарымыз өсімге ақша алмайды. Бірақ оларға да жеке баспана қолжетімді болуы қажет. Біз бір қоғам, бір мемлекетпіз, бізде діни сенім бостандығы бар. Сондықтан біз діни сеніміне байланысты баспаналы бола алмай жүргендерге қолдау көрсетпекпіз. 2025 жылы алдымызға исламдық ипотеканы іске қосу бойынша жұмысты бастау міндетін қойдық. Бізде ислам ипотекасы қарастырылмаған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң бар. Ислам ипотекасы бойынша заңнамалық бастамалар заңда "исламдық терезе" деп аталатын жеке бөлімді құруға көмектеседі және ислам ипотекасын алу үдерісін сипаттайды", – деді банк басшысы Ләззат Ибрагимова.
Исламдық ипотекада негізгі қарызға сыйақы төлеу мүмкін болмағандықтан, "Отбасы Банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы үйді қалай сатып алуға болатынын нақты қарастырады.

Сондай-ақ "Отбасы Банкі" CSQlaw Kazakhstan Branch малайзиялық компаниясының филиалымен меморандумға қол қойды. Компания "Отбасы Банкі" қызметкерлері үшін исламдық қаржыландыру және шариғатқа сай қаржылық заңнама негіздері бойынша кешенді оқытуды ұйымдастырады.
31 желтоқсан 2024 ж. 158 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 113

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 112

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 109

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930