Еурохаттама тәжірибесі
Фото
Көлік жүргізушілер кішігірім жол-көлік оқиғаларына тап болса, сақтандыруды полицияның қатысуынсыз ресімдей алады.
Алдымен жол-көлік оқиғасын ресімдеу үшін әрбір жүргізуші ұялы телефонына «Еурохаттама» қосымшасын қосып алуы керек. Бұл жүргізушілерге оқиға материалдарының фотосы мен бейнежазбасын тіркеп алуы үшін қажет. Біріншіден, азаматтар жол-көлік оқиғасын ресімдеу үшін енді полицияны күтпейді. Екіншіден, оқиға кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Үшіншіден, сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Бұрын мұндай жағдайда сақтандыру төлемін алу 30 күннен 90 күнге дейін уақыт алса, енді бұған бар болғаны 5 күн уақыт кетеді.
Дегенмен, «Еурохаттама» арқылы жол апатын тіркеудің өзіндік шарттары бар. Ең бірінші, жол-көлік оқиғасы екі көліктің қатысуымен орын алуы қажет. Одан кейін жүргізушілердің сақтандыру полистері болуы міндетті. Оған қоса, «Еурохаттамаға» жүгіну үшін зардап шегуші мен кінәлі тарап арасында даулы мәселенің болмауы да маңызды. Ең бастысы, оқиға кезінде ешкімнің денсаулығына залал келмеуі тиіс және келтірілген шығын көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 369 мың теңгеден аспағаны жөн.
Ал, артықшылығына келсек, жаңа ереженің үлкен қалалардағы көлік кептелістерін азайтуға септігі мол болмақ. Қазір қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жол оқиғасы орын алғанда жүргізушілер тәртіп сақшыларын күтіп, көлікті оқиға орнынан қозғамайды. Енді мұндай сәттерде «Еурохаттама» арқылы жол апатын бар-жоғы 15 минуттың ішінде ресімдеуге мүмкіндік алады. Егер жүргізуші өтемақы мөлшеріне келіспесе немесе жол апаты «Еурохаттама» талабына сай келмесе, полицияға қоңырау шалып, жағдайды бұрынғыдай дәстүрлі жолмен реттейді.

Бекқожа Құрманбекұлы,
Қазалы аудандық соты әкімшісінің басшысы