Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалық жарияланды

Көлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалық жарияланды

Алдағы уақытта екі көлік соқтығысып қалса, полиция мен сот шешімін күтпей-ақ, сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік болады. Қазақстанда сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу жоспарланып отыр. Соның арқасында көлік жүргізушілері полицияны, тіпті, сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін рәсімдей алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде көлік жүргізушілері сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясын күтеді. Хаттамалар рәсімделгеннен кейін сот шешімі шығуы керек. Сөйтіп, екі айдай уақыт кетіп қалады.
Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде барлық құжат жылдам ресімделеді. Полицияның хаттамасы мен сот шешімі қажет емес.
Осыған орай, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы заң жобасын әзірлеуге кірісті. Оған сәйкес, жол-көлік оқиғасы бойынша сақтандыру төлемін жылдам алу тетігі енгізіледі.
Бірақ бірнеше шарт болады.
Олар:
екі көлік құралының соқтығысуы;
жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралдарына ғана зиян келуі (адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау болмау шарт); • сақтандыру полисінің болуы;
екі көлік жүргізушінің өзара келісуі;
сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (306 мың теңгеден) аспауы.
Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі.
Айта кетері, халықаралық практикада сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кеңінен тараған.
Оны "еурохаттама" деп атайды. Бүгінде еурохаттама Еуропада ғана емес, Ресей, Беларусь, Украина, Армения мен Өзбекстан сияқты ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінде бар.



11 ақпан 2022 ж. 520 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 594

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 036

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031