Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күресу үшін екі ЖИ жобасы енгізіледі

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күресу үшін екі ЖИ жобасы енгізіледі

Фото: Istock
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күресу үшін екі ЖИ-жоба енгізілетін болады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Crypto Trace және ProkAi деп аталатын екі инновациялық құралды Шымкент қаласының прокуратурасы мен отандық IT-әзірлеушілер бірлесе отырып жасаған.

Х. Асылов әлеуметтік желісінде хабарлағандай, екі жоба да қайтарымсыз негізде жүзеге асырылып, Шымкент прокуратурасының балансына берілген.
«Crypto Trace – бұл жаңа буынның іздеу жүйесі, ол желідегі транзакцияларды талдауға және есірткі бизнесінің қаржысын анықтауға көмектеседі. ProkAi – интернеттегі есірткі саудасын анықтай алатын интеллектуалды платформа», – деп жазды Асылов.
Жасанды интеллект 24/7 жұмыс істейді және кәсіби маманға қарағанда ондаған, тіпті жүздеген есе көп іздеу операцияларын орындауға қабілетті.
Прокуратура мәліметінше, «ProkAi» чат-боты жұмыс істеген үш айдың ішінде 2 000-нан астам дропперлер шоты анықталған.
«Бағдарлама қылмыскерлерден алынған SimBox құрылғыларының көмегімен есірткі дүкендерінің жүздеген нөмірлеріне қосылады және қылмыстық шоттардың кең ауқымын қамтамасыз етеді», – деді Асылов.
Бас прокурор дропперлердің 15 мыңнан астам шоты, оның ішінде 2 мыңға жуығы қазақстандық, 13 мыңнан астамы шетелдік және 620 криптовалюта шоттары анықталғанын айтты. Жүзден астам дропперлер қылмыстық жаіапкершілікке тартылған. Оның сөзінше, соңғы пайда табушылардың нақты крипто-әмияндарын тез арада анықтауға мүмкіндік туды. Бұл әмияндарда шамамен 5 млн USDT сомасына активтер жатыр. Алдағы уақытта аталған бағдарлама бүкіл ел бойынша енгізілетін болады.
10 қараша 2025 ж. 179 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031