Еурохаттама рәсімдеудің тәртібі
"Еурохаттама" жолполициясыншақырмай ЖКО ресімдеуге және сақтандыру компаниясынан тез өтемақы алуға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін мобильді қосымшаны AppStore және GooglePlay дүкендерінен тегін жүктеп алу жеткілікті. Ол арқылы Қазақстан Республикасының резидентрезстерін қоса алғанда, жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де сақтандыру жағдайын ресімдеуге болады.
15 минут ішінде ЖКО ресімдеу
"Еурохаттама" арқылы ЖКО ресімдеу рәсімі бюрократиялық кедергілерді барынша азайта отырып, уақытты айтарлықтай үнемдейді. Жол полициясына қоңыраушалудың болмауы кідірістер мен оқиға орнында күтуді болдырмайды. Жәбірленуші тарап сақтандыру компаниясына өтініш беру үшін құжаттарын жинау мен айналыспайды, бұл әдетте стандарты процедурада болады. Үлкен артықшылықтардың ішінде-"Еурохаттаманы" қолдану көлік қозғалысының тоқтап қалуына байланысты кептелістерді болдырмауға көмектеседі, бұл жолдардағы қолайлы жағдайларға ықпал етеді.
Қандай шарттары бар?
ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері "мобильді азаматтар базасында" тіркелген;
2024 жылға зардап шеккен тарапты жөндеу сомасы 369 мың теңге ден аспайды (100 АЕК-тен жоғары емес);
Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілмеген;
ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке зиян келтірместен);
Апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар;
Жүргізушілер арасында жол апатының зақымдану тізбесі мен жағдайларына қатысты келіспеушіліктер жоқ.
Қадамдық нұсқаулық
ЖКО қатысушылары мобильді қосымшада авторизация дан өтеді;
Декларация сауалнамасын толтырыңыз;
Жеке басын және көлік құралын сандық сәйкестендіруден өтеді;
Жәбірленушіге сақтандыру төлемін анықтаумен көлік құралының залал мөлшері бағаланады;
Сақтандыру төлемдері 6 күн ішінде түседі.
Әзірлеуші кім?
Жаңа сервисті Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (СТКБҚ) Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және сақтандыру компанияларымен бірлесіп құрды. Қор 20 жылдан астам уақыт бойы сақтандыру ұйымдарының клиенттерін және олардың сақтандыру төлемдерін сенімді қорғайды.
Қазалы аудандық сотының
баспасөз қызметі