Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентін көркейту мен тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейді

Әйтеке би кентін көркейту мен тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейді

Бүгінде Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кенті 50 мыңға жуық халық тұратын аймақтағы ең үлкен аудан орталықтарының бірі. Кенттің санитарлық тазалығы, абаттандырылуы, көркейту-көгалдандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда да Әйтеке би кентінде халықтың игілігіне бағытталған бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасы негізінде ауданның бас қақпасы саналатын теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, теміржол үстінен өтуге арналған жаяу жүргіншілер көпірі қайта салынуда. Сондай-ақ вокзал аумағы абаттандырылып, перонда орналасқан кәсіркерлік нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру, сәулеттік келбетін қалыптастыру, перон аумағы мен вокзал алдына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентін аралау барысында аталған жұмыстардың сапасын бақылап, тиісті сала басшылары мен мердігерлерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Теміржол вокзалы мен аумағында жүргізіліп жатқан бұл ауқымды жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Аудан басшысы теміржол вокзалынан кейін Әйтеке би кентінің кіреберіс қақпасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Кіреберіс қақпа — ауданға келушілер үшін ерекше әсер қалдыратын сәулеттік нысан екенін айтқан аудан әкімі мұндағы жұмыстардыңда сапалы жүргізілуі қатаң бақылауында болатынын жеткізді.
Әйтеке би кентін аралау барысында кент әкіміне көшелерді қураған шөптерден, жапырақтардан тазарту, аяқ су арықтарын тазалау, қоқыстарды белгіленген орындарға шығару, қоршаулар мен бағаналарды сырлау, бордюрларды әктеу сынды кент әкіміне бірқатар тапсырмалар берілді.
10 қараша 2025 ж. 303 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930