Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың телефон нөмірлері қандай жағдайда бұғатталады: себептері

Қазақстандықтардың телефон нөмірлері қандай жағдайда бұғатталады: себептері

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету қағидалары бекітілді. Тиісті бұйрыққа жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жаңа редакциядағы қағидалар жеке тұлғаларға нөмірлерді рәсімдеу тәртібін, телефон алаяқтарымен күрес шараларын және күмәнді нөмірлерді бұғаттау тәртібін реттейді.

Кімдердің нөмірі және қалай бұғатталады?
Жаңа қағидаларға сәйкес, ұялы байланыс операторлары алаяқтықтан қорғау жүйелерін (антифрод-жүйелер) қолдануға міндетті. Олар Ұлттық банктің антифрод орталығымен бірлесіп, деректер алмасатын болады. Егер оператор күмәнді қоңыраулар немесе SMS анықтаса, нөмір иесі туралы мәліметтерді (Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірі) антифрод орталығына жібереді.

Анықтама: антифрод-жүйе - бұл алаяқтық әрекеттерді анықтауға және алдын алуға арналған автоматтандырылған жүйе.
Егер абоненттерден немесе антифрод орталығынан шағымдар түссе, оператор екі жұмыс күні ішінде нөмірді тексеруге міндетті. Нөмірдің алаяқтық мақсатта пайдаланылғаны расталса, оператор оны уақытша бұғаттап, бұл туралы антифрод орталығына хабарлайды. Ал егер алаяқтық дерегі расталмаса, оператор екі күн ішінде бұл туралы Ұлттық банкке хабарлауы тиіс.

Басқа өзгерістер:
Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында мынадай жаңа нормалар енгізілген:
бір адам жеке немесе отбасылық пайдалану үшін ең көбі 10 мобильді нөмір тіркей алады;
егер 10-нан артық нөмір қажет болса (мысалы, бизнес немесе "ақылды үй" құрылғылары үшін), онда себептері мен SIM-карталар қолданылатын құрылғылар тізімі көрсетілген өтініш беру керек;
егер себептер жеткіліксіз деп танылса, оператор бас тартуға құқылы, бірақ түзетулер енгізілгеннен кейін өтінішті қайта беруге болады.
Жаңа қағидалар алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң, яғни 18 қарашада күшіне енеді.
10 қараша 2025 ж. 174 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031