Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға ипотекалық қарызды зейнетақы жинағы есебінен жабуға рұқсат беріледі

Қазақстандықтарға ипотекалық қарызды зейнетақы жинағы есебінен жабуға рұқсат беріледі

Фото: freepik.com
Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңеюі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік әзірлеген бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.
Жоба зейнетақы жинақтарын пайдаланудың мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, жинақтарды мына мақсаттарға пайдалану ұсынылады:
• ипотекалық тұрғын үй несиесінің негізгі қарызын өтеу;
• ай сайынғы төлем мөлшерін азайту;
• несиенің мерзімін қысқарту.
Құжатта айтылғандай, бұл жаңашылдық Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты. Соған сәйкес, Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан алынатын зейнетақы төлемі түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Бұл өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша құралдар ұсыну.
Қазан айының соңында Отбасы банкінде зейнетақы жинақтарын пайдаланып сатып алынған тұрғын үйді сатуға шектеу қою мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланды.
Бұған Қаржы мониторингі агенттігі анықтаған күмәнді схемалар себеп болды. Кей жағдайларда бір пәтер әртүрлі адамдарға бірнеше рет сатылған.
Мұндай теріс пайдаланулардың алдын алу үшін Отбасы банк Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қолданыстағы ережелерге өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолдаған. Ұсынысқа сәйкес, зейнетақы жинақтары есебінен сатып алынған тұрғын үйді 5 жыл бойы қайта сатуға тыйым салу ұсынылған болатын. Алайда кейін Отбасы банкі бұл ұсыныстың қолдау таппағанын хабарлады.
10 қараша 2025 ж. 195 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031