Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға алаяқтықтың кезекті түрі туралы ескертілді

Қазақстандықтарға алаяқтықтың кезекті түрі туралы ескертілді

Фото: pexels
Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айла-тәсілі жайлы ескертілді. Бұл жолы қаскөйлер жұмыс іздеушілерді нысанға алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 10 тамызда Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды. Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар "жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны" орнатуды ұсынады",- деп ескертті полицейлер.
Осылайша, зиянкестер банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік ала алады.
Сонымен қатар, шетелде жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті болып қалуда. Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call- орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық- зомбылыққа ұшырауы мүмкін.
"Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады",- делінген ақпаратта.
Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесілер ұсынылады:
құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекен-жайын тексеру;
жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдеу үшін қаражат аудармау;
қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнату;
ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау;
қызметкерледі іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату;
кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау.
Бұған дейін Қазақстанның орталық өңірін аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы бекітілгенін жазғанбыз.
10 қараша 2025 ж. 123 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930