Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін

Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін

Мемлекеттік корпорация азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді. Бүгінде бұл құралдар күнделікті жұмыс тәжірибесіне еніп, қызмет көрсетудің заманауи жүйесінің тұрақты бөлігіне айналды.
Цифрлық сервистерді дамыту аясында Мемлекеттік корпорация жасанды интеллект технологияларын да енгізуде. 2025 жылдың мамыр айынан бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығында генеративті жасанды интеллект негізіндегі дауыс көмекшісі жұмыс істейді. Ол 7 автоматтандырылған және 20 кеңес беру қызметін ұсынады. Іске қосылған сәттен бері 230 мыңнан астам қоңырау өңделген. Бұл технология қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, кеңес алу процесін айтарлықтай оңтайландырды.
Мобильді цифрландыру да мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың үйреншікті тәсіліне айналды. «ЦОН» мобильді қосымшасын шамамен 2 миллион адам қолданады. Онда 79 түрлі қызмет түрі қолжетімді. Ең көп сұранысқа ие функциялардың қатарында – кезекті онлайн брондау, автокөлік сату-сатып алу келісімшарттарын рәсімдеу, көлік тарихын тексеру және e-Otinish арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.
Қосымшада QR-код арқылы талон алу жүйесі де белсенді қолданылады. Бұл қызмет азаматтарға ХҚКО мен МХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Жүйе іске қосылғалы бері 3 миллионнан астам электронды талон берілген. Бұл орталықтардың жұмыс тиімділігін арттырып, келушілердің уақытын үнемдеуге көмектесті.
«БейнеХҚКО» сервисі де онлайн қызмет көрсету форматын кеңейтуде. Іске қосылғаннан бері шамамен 994 мың бейнеқоңырау қабылданған. Бұл мүмкіндік әсіресе шалғай аймақ тұрғындары үшін өте ыңғайлы, себебі ол мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорациядағы цифрландыру бүгінде технологиялық жаңашылдықтан тұрақты қызмет көрсету жүйесіне айналды. Мемлекеттік қызметтерді алу үдерісі барынша оңтайланып, уақыт пен орналасқан жерге тәуелсіз түрде қолжетімді болып отыр.
10 қараша 2025 ж. 134 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930