Сақтандыру компаниясының кеңсесіне бару міндетті емес – Енді қызметтерді онлайн пайдалануға болады
Қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығында жолда жүрген жүргізушілер жол-көлік оқиғасына тап болған жағдайда сақтандыру компаниясына жүгініп, полицияның келгенін күтетін. Бұдан бөлек, сақтандыру жүйесіне тіркеліп, оның әртүрлі қызметтеріне қол жеткізу үшін де құжат тасуға тура келетін. Алайда енді қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық бар. Кез келген сақтандыру процестерін енді "Еурохаттама" мен онлайн реттеу жүйесі арқылы реттеуші органдарды күтпей-ақ шешіп алуға болады. Stan.kz жаңа мүмкіндіктерді пайдалану жолын көрсетеді.
2024 жылдан бастап Қазақстанда "Еурохаттамасы" бойынша жол-көлік оқиғасын (ЖКО) онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды. "Еурохаттама" қызметіне жүгіну үшін алдымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған "Еурохаттама" (Европротокол) мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет.
Қосымшаны App Store немесе Google Play дүкенінен жүктей отырып, сақтандыру жағдайын жеке тұлға да, заңды тұлға да, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары дербес рәсімдей алады.
Онлайн қызмет алу кезеңі:
Қатысушылар мобильді қосымшаға тіркеледі;
Жол-көлік оқиғасының күнін, уақытын және орнын көрсетеді;
ЖКО-ға кінәлі адамның және жүргізушінің деректерін енгізеді;
Көлікке қатысты мәліметтерді енгізеді: жүрген жолы, VIN коды;
Көліктің мемлекеттік нөмірі көрсетілген күйде жан-жағынан көлік пен оның орналасқан жерін суретке түсіріп жүктейді;
Зақымдалған жерлерді белгілейді;
Жүйеден растауды күтеді.
Ақпарат жіберілген сәттен бастап барлық қажет құжаттар, апат болған жердің координаттары және зақымның фотосы автоматты түрде бір жүйеде жинақталады. Өтінішті сақтандыру компаниясы көріп, тез арада шешім шығара алады.
Айта кетейік, екі немесе одан да көп көлік соқтығысқан жағдайда оқиғаға кінәлі емес, зардап шеккен тарап сақтандыру төлемін алу үшін стандартты құжаттарды жинаудан босатылады. Мақұлданған жағдайда төлемдер орта есеппен 6 күн ішінде түседі.
Айта кетейік, хаттаманы барлық ЖКО-ға қолдануға болмайды. Кейбір кездері стандартты түрде полиция мен сақтандыру компаниясы өкілдерін шақыру керек. Сондықтан оның негізгі шарттары бекітілген.
Хаттаманың негізгі шарттары:
2024 жылы зардап шеккен тараптың шығыны 369 мың теңгеден, яғни 100 АЕК-тен аспауға тиіс;
Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілмеген;
ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке зиян келтірмеген);
Апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полисі бар;
Жүргізушілер арасында жол апатына қатысты келіспеушіліктер жоқ;
ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері үкіметтік базада өз атына тіркелген.
Хаттамаға қатысты сұрақтарды қою үшін 2570 қысқа нөміріне хабарласып, кеңес алуға болады. Бұдан бөлек, "Еурохаттама" сервисінің сенім телефоны да бар: +7 (727) 339 31 88.
Айта кетейік, осы қызметті "Amanat" сақтандыру компаниясы арқылы алуға болады. 2024 жылдан бастап, компания клиенттері сақтандыруға қатысты мәселелерді онлайн шешуге мүмкіндік алады. Жаңа жүйе аясында келесі қызмет түрлерін пайдалана аласыз:
сақтандырудың барлық түрі (ерікті және міндетті түрде);
сақтанудырушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру ұйымына электронды нысанда ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтерді) онлайн жүктеу мүмкіндігі;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабарлама;
келтірілген зиянның мөлшерін анықтау;
сақтандыру төлемін алу;
сақтандыру омбудсменіне сенімсіз жағдайлар туралы ақпарат жіберу және сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу.
Сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу процесті жеңілдетеді және оны транспарентті етеді. Тұтынушы кеңсеге бармай-ақ сақтандыру ұйымының сайты арқылы сақтандыру төлемін алу үшін өтініш пен қажетті құжаттарды бере алады.
Өтініштен бастап төлемге дейінгі сақтандыру жағдайын реттеу процесінің барлық кезеңдері тұтынушының жеке кабинетінде көрсетіледі және бірыңғай сақтандыру деректер базасында тіркеледі. Сақтандыру шартының әрбір кезеңін электрондық тіркеу тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
сақтандыру жағдайын онлайн реттеудің негізгі кезеңдері туралы ақпарат алу;
құжаттар бас тарту туралы ақпаратты алу;
жағдайды тексеру үшін жеке кабинетті қарап отыру;
осы қызметтерді алу үшін жеке тіркелмей-ақ мемлекеттік деректер базасы арқылы құжаттарды ұсыну.
Айта кетейік, кейбір кезеңдерде мемлекеттік органдар базасында жоқ құжаттарды сайтқа тіркеу керек болады.