Жаңа құрылатын касациялық соттардың мақсаттары
Фото
2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы тәуелсіз кассациялық соттарды құруды көздейтін Конституциялық заңға қол қойды. Бүгінгі қабылданған заң кассациялық сот ісін жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған.
2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы тәуелсіз кассациялық соттарды құруды көздейтін Конституциялық заңға қол қойды. Бүгінгі қабылданған заң кассациялық сот ісін жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Заңда азаматтық және қылмыстық істерді кассациялық сатыда алдын ала қарауды алып тастау ұсынылған. Енді азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы арыз емес, кассациялық шағым түсіретін болады. Сот ісін жүргізудің барлық түріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Енді әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағым жасалғаннан кейін заңды күшіне енеді.
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Ол сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағдарланады. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады.
Касациялық соттарды құрудың негізгі мақсаттарына келсек сот әділдігін қамтамасыз ету. Кассациялық соттар сот шешімдеріне қосымша тексеру жүргізу арқылы заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етеді. Бұл инстанция қателіктерді анықтап, әділетсіз шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді.
Жоғарғы соттың жүктемесін азайту. Бұрын кассациялық шағымдар тікелей Жоғарғы сотқа жолданатын болса, жаңа кассациялық соттар бұл міндетті өз мойнына алып, Жоғарғы сотқа тек ең күрделі және маңызды істерді қарауға мүмкіндік береді.
Сот шешімдерінің сапасын арттыру. Кассациялық соттардың енгізілуі сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына ықпал етеді.
Ал, ерекшеліктеріне келетін болсақ - сот жүйесінің жұмысында
цифрландыру және қазіргі инновациялық бағыттарды кеңінен пайдалану. Өйткені, кассациялық соттардың жұмысында заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер кеңінен қолданылады, бұл құжаттарды электронды түрде қабылдау мен қарау процесін жеңілдетіп, істі қарау уақытын қысқартады.
Кассациялық соттар Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жұмыс жасамақ. Олардың істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды. Сот талқылауы тараптардың шақырылуымен ауызша жүргізіледі.
Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді, ол сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жоғарғы Сотта сот актілерін қайта қарау Жоғарғы Сот судьясының ұсынысы бойынша ерекше жағдайларда ғана, яғни егер оларды сот тәжірибесіне қайшы жергілікті немесе кассациялық соттар қабылдаған болса, мүмкін болады.
Жаныбек Бостандықұлы,
Қазалы аудандық сотының судьясы