Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Касациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі

Касациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылдың 5 шілдесінде 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен енгізілген үлкен өзгерістердің бірі – ол жаңа сот сатысы ретінде кассациялық соттардың құрылуы.
Кассациялық сот туралы 2023 жылғы 12 қыркүйекте еліміздің бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесу болып, Президентіміз дербес кассациялық инстанция құру мәселесіне тоқталған болатын.
Бұл өзгеріс барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасау үшін енгізілді.
Осы өзгеріске дейін кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында болды. Барлық істерді кассациялық сатыда қайта қарауға мүмкіндік болмады. Өйткені, оның қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарының түрлері бар. Атап айтқанда, азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралса, іс татуласу рәсімімен аяқталса, жеке тұлғалар үшін талап қою сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, заңды тұлғалар үшін 30 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса бұндай істер кассацияда қаралмайтын еді. Қылмыстық істерден қылмыстық теріс қылық жасау бойынша қаралған істер де кассацияда қаралмады.
Ал, соңғы өзгеріске орай кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында емес, дербес болады.
Кассациялық сот - сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды. Азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.
Жаңа сот сатысы 2025 жылдың 1-шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылады.
Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың атқаратын қызметі де өзгермек. Жоғарғы Сот тек сот тәжірибесін және сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау мәселелерін зерделейтін болады.
Бұл реформа сот жүйесінің тиімді жұмыс жасауына, сонымен қатар адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуына барынша ықпал жасауына, сотқа деген сенімді одан әрі нығайтуға кепіл болады деген сенімдеміз.
Фото
Д.Н.Абдыкалыков,
Қазалы аудандық сотының
төрағасы 
19 қараша 2024 ж. 150 0

12000 шақырым жол қамтылды

27 қаңтар 2025 ж. 79

Жергілікті жолдар

27 қаңтар 2025 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031