Қазақстанда 3 жаңа сот қызметі қосылады
Фото: istockphoto.com
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, елордада апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғарғы Сотта кассациялық соттарды құру мәселелері талқыланды. «Жаппай» кассациялық сатыға сұраныс жоғары.
Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Сот әкімшілігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Парламентаризм институтының басшылығы, Бас прокуратура мен заң қоғамдастығының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді ашқан Парламент Мәжілісі комитетінің төрағасы Снежанна Имашева Конституциямен кепілдік берілген сот қорғау құқығын толықтай жүзеге асыруды қамтамасыз етуге және соттарға деген сенімді арттыруға бағытталған жүргізіліп жатқан реформаның маңыздылығына тоқталды.
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов сот төрелігі саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар пакетіне бастамашы болған Парламенттік жұмыс тобының қызметін атап өтті.
Ұсыныстарды мәжілісмендер Марат Башимов, Бақытжан Базарбек және Нұрсұлтан Байтілесов, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев және Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай, Жоғарғы соттың отставкадағы судьясы Гүлнар Рыспекова, заңгерлер Бақыт Тұқұлов, Александр Пономаренко және Гүлнара Сүлейменова жасады.
Жалпы, барлық баяндамашы кассациялық соттардың құрылуын қолдады.