Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жайлы мектеп» – жайлы орта

«Жайлы мектеп» – жайлы орта


ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Интеллектуалдар озып, ғылыми технология қарыштап дамыған заман. Соңғы жылдары нық қадамдар жасалып, біршама ауқымды жоба іске асуда. Соның бірі заманауи мектеп – «Жайлы мектеп» жобасы.
Қазақстанда «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы іске қосылды. Бағдарлама үш ауысымда оқыту және оқушы орын тапшылығы бар мектептер мәселесін шешуге бағытталған. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» деген болатын.
Алдымен «Жайлы мектеп қандай мектеп?» деген сауал туындайтыны рас. Ең алдымен, білім беруге қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылады. Оқитын орны мен дәліздері кең, жарық болуына да ерекше мән беріледі. Одан соң интернеттің жылдамдығы маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасалады. Президент дәстүрлі Жолдауында білім мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Мектеп құрылысы облыс әкімдерінің жауапкершілігіне жүктелгенін айтқан болатын. Нәтиже қандай?
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу және оның 10-ын биыл пайдалануға беру жоспарланған. Өткен жылы мектептер құрылысына 19,6 миллиард теңге қаржы бөлініп, «Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамының шотына аударылыпты.
Биылға жоспарланған 24,5 миллиард теңгенің 50 процент авансы 31 шілдеде берілген. Қызылорда облысы әкімдігі мектептерге инфрақұрылым жеткізудің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазір 10 мектепке инфрақұрылым жүргізу жұмыстары толық аяқталды. Білім ошақтарының іргелес аумақтарын абаттандыруға, жол салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген, мердігерлер анықталып жұмыс жүргі­зілуде. Былтыр құрылысы басталған 10 мектептің 8-не мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Еске сала кетейік, биыл қала күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорданың сол жағалауына салынған 900 орындық білім ошағының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салынады. Осы жобамен өңірде 12 300 орынға лайықталған 21 мектеп салу жоспарланған, оның 10-ның құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру арқылы аймақтағы 4 апатты және 3 бейімделген мектептің мәселесі түбегейлі шешімін табады. Республикалық бюджеттің тікелей қаржыландыруымен, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен, 6 миллиард 851 миллион теңгеге салынған облыстағы алғашқы 900 орындық «Жайлы мектеп» ел игілігіне берілді. Білім ордасында шәкірттердің барлық пәнді оқып үйренуіне, ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне толық мүмкіндік жасалған.
Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 білім ордасының іргетасы қалануда. Соның бірі – ауданға қарасты Жанқожа батыр ауылындағы 300 балаға арналған білім ошағы. Құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған бұл мектеп биыл ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталмыш нысанның жауапты мердігері – «Аңсар» ЖШС. Бұл білім ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып, қауіпсіздік толық қамтылатын болады.
– Қазіргі таңда мектеп құрылысы қарқынды жүруде. Жалпы бұл мектеп 2 қабаттан тұрады және ішінде спортзал, асхана, кітапхана және басқа да арнайы кабинеттер қамтылған. Сондай-ақ, мектеп ауласында оқушылар үшін арнайы ойын алаңдары салынады. Бұдан бөлек, жарық шамдарда да орнатылатын болады. Бұл нысанды биыл табыстауды жоспарлап отырмыз, – дейді «Аңсар» ЖШС қызметкері Амантай Рамазан.
Әйтеке би кентінде де «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық білім ордасының құрылысы салынуда.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім алушылар мен педагогтерге қауіпсіз және жайлы жағдай жасауды көздейді. Жоба аясында педагогтерге қажетті жұмыс аймақтары, бастауыш сыныптар, негізгі және орта мектептерге жеке блоктармен, әмбебап шеберханалармен және студиялармен жабдықталған жаратылыстану-ғылыми пәндердің жабдықталған кабинеттері салынады. Олардың қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталуына да ерекше мән беріледі. Жайлы мектептердің барлығы қалаларда да, ауылдық елді мекендерде де бірыңғай стандарт бойынша салынады. Ұлттық жобаның нәтижесінде үш ауысымды және апатты мектептердің мәселелері, сондай-ақ өңірлер, қалалар мен ауылдар арасындағы теңсіздік мәселесі шешілуде. Бұл білім сапасын айтарлықтай арттырады.
«Ең түйінді сөз – сапа». Қазіргі заман талабы – сапалы халық, сапалы ұлт, сапалы білім-ғылым, сапалы технология, сапалы тіршілік стандартын қалыптастыру. Президент тапсырмасымен елімізде оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» құрылысы басталды. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салуға, оқушылар мен педагогтер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған. Жоба аясында 2023-2025 жылдары 401 жаңа мектеп салу жоспарланған. Жоба құны 2,6 триллион теңге бағаланып отыр. Оның 1 триллион 960 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 646,5 миллиард теңгесі Ұлттық қордан бөлінеді.
Ұлттық жоба аясында салынып жатқан мектептердің саны мен сапасы ды көпшілікті ойландырары сөзсіз. Бұл мәселе де өз жауабын тапқан. Өйткені мектептердің құрылысы барысында ұдайы монтиорингтік зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Қош. «Жайлы мектеп» сапалы білім кепілі болу тиіс. Сондықтан ұлттық жобаның жоспарлы түрде уақытылы жүзеге асуына, сапалы орындалуына мән берілсе игі. Сонда ғана оқушының оқуға деген ынтасы артып, қолайлы ортада, жайлы мектепте білімін шыңдар еді. Ол күннің де ауылы алыс емес. Бастысы, жоба – жүйелі, талап – нық.


Айнұр ӘЛИ

03 желтоқсан 2024 ж. 113 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031