Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жайлы мектеп» қандай болмақ?

«Жайлы мектеп» қандай болмақ?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін 800 мың баланы заманауи мектепте жағдай жасап, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешу туралы тапсырма берді. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобаның негізгі мақсаты – апатты және үш ауысымды мектептер проблемаларын шешу, заманауи талаптарға жауап беретін 800 мың жаңа оқушы орындарын құру арқылы оқушы орындарының тапшылығын жою. Елімізде 147 үш ауысымды, 33 апатты мектеп бар.

«Жайлы мектеп» жобасы қазіргі қолданыстағы типтік жобалардан мүлде ерекшеленеді. Атап айтсақ, барлық мектептер құрылысында бірыңғай (орташаланған) стандарттар қолданылады, онда мысалға жабдықтау шығындары кем дегенде 20%-ды құрайды, кабинеттер саны санитарлық және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес есептеледі, спорт залдарын жеке блоктарда орналастыру көзделіп, олар мектепалды және 1-4-сыныптар үшін және 5-11-сыныптар үшін бөлек болады. Оған қоса, мектеп аумағы жылжымалы ойындарға арналған алаңдармен толық жабдықталады. Өз кезегінде, қазіргі таңда спортық залдар саны мектептің сыйымдылығына қарамастан біреуден аспайды», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас сарапшысы Жайық Махсутов.

Министрлік мәліметіне сәйкес, жабдықтау жағынан басқада көптеген ерекшілектер көзделуде. Жоба шеңберіндегі мектептер қазіргі заманғы эстетикалық тартымды, оқу жабдықтар мен жиһаздармен толық қамтылады.

«Ол үшін 200-ден 2500 оқушыға арналған мектептерді жобалауға бірыңғай тапсырмалар әзірленді, яғни қалалық және ауылдық елді мекендегі мектептерге қойылатын талаптар бірдей болады. 2021 жылы Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Тапсырманы орындау аясында 2021 жылы рекордтық 277 мектеп салынды. Биыл 230-ға жуық орта білім беру мекемесін пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді министрлік өкілі.
26 қыркүйек 2022 ж. 521 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 68

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031