Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнердің өрісін кеңейткен ұжым

Өнердің өрісін кеңейткен ұжым

Қазалы – дарынды тұлғалардың мекені. Қазыналы мекенде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі салт-дәстүрлер қалыптасқан. Мұнда ұлттық өнерді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді. Бұл бағытта атқарылып жатқан әрбір игі іс адам баласының жан-дүниесін байытып қана қоймай, сезіміне шуақ сыйлайды. Бұл істе Әйтеке би кенттік мәдениет үйі ұжымының еселі еңбегі бар.

Әйтеке би кенттік мәдениет үйі ұжымында 21 қызметкер жұмыс жасайды. Нақтырақ айтсақ, кәсіпорын директоры Нұрлыбек Сүлейменов, әдіскер Жанар Пірімбет, Мәдени ұйымдастырушы Бауыржан Ізмағанбетов, аккомпониятор Әлібек Айдар, музыкалық жетекші Рақымжан Мақсатбаев, үйірме жетекшісі Жанат Қазбиева, есепші Рахат Искаков, шаруашылық меңгерушісі Қуантқан Жаңабаев, «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблінің жетекшісі Орақ Баубеков, көркемдік жетекшісі Ерпазыл Жүсіпов, сүйемелдеушісі Нұрмаш Алғашбаев.
Мұндағылардың мақсаты бір – Әйтеке би кентінің абыройын аспандату, жас таланттарды қанаттандыру екені бесенеден белгілі. Бұл істе кенттік мәдениет үйінде біршама ілгерілеу бар.
Биыл Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен түрлі жанрлар бойынша бес аудандық, бір облыстық байқау және басқа да мерекелік шаралар өткен. Тарқатып айтсақ, жас­тар шығармашылығын нәсихаттау мақсатында – «Жас қанат – 2024» атты аудандық әншілер байқауы, халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына орай мәдениет саласындағы ер азаматтар арасында «Мерген» атты аудандық дәстүрлі садақ атудан жарыс ұйымдастырылған. Тағы балалар шығармашылығын шыңдау мақсатында «Әнші болғым келеді...» атты тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында аудандық байқау және ауданның дәстүрлі байқауы «Шырқа гитараныда» аталған мәдениет үйі үздіксіз ұйымдастырып келеді.
Бұдан бөлек, ауданның атын барша жұртқа танытқан, қазалылық ақиық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Рүстем Жанайдың 80 жылдығына орай «Ақындар жырлайды» атты аудандық ақындар мүшәйрасын да жоғары деңгейде өткізді.
Сонымен қатар кенттік мәдениет үйі­нің өнерпаздары басқа да күнтізбедегі мерекелік шараларда өз деңгейді ұйым­дастырып келеді.
Бүгінде Әйтеке би кенттік мәдениет үйі жанынан барлығы жеті үйірме, яғни ән, би, драма, жас ақындар, жыр-терме және дәстүрлі ән, «5 аймақ» ВИА, сонымен қатар «Атамұра» халықтық ардагерлер ансамблі бар.
Ән үйірмесінің тәлімгері, кәсіп­орынның музыкалық жетекшісі Рақым­жан Мақсатбаевтан тәлім алып жатқан 10 жас әнші бар, ал Жанат Қазбиева жетекшілік ететін би үйірмесіне отыз бес бала қатысуда.
Сонымен қатар кәсіпорынның акком­­понияторы Еділ Нағыметов же­тек­­шілік еткен драма үйірмесінде он бала бар. Бір қызғы мұнда шыныменде кент жастарының мәдение-рухани тұсынан жан-жақты ашылуы көзделген. Сондай үйірменің бірі – Жас ақындар үйірмесі. Кәсіпорынның мәдени ұйымдастырушысы Бауыржан Ізмағанбетов даярлап жатқан үйірмеде алты болашақ жас ақын. Ал аккомпониятор Әлібек Айдардың ұлттық мұраны ұлықтаған жыр-терме және дәстүрлі ән үйірмесіне алты бала қатысады.
Мұнда тағы «5 аймақ» вокалды инструменталды аспаптар ансамблі, «Атамұра» ардагерлер халықтық ан­самбл­дері жұмыс істейді. Көркем­өнерпаздар үйірмесінің мүшелері биыл түрлі деңгейдегі байқаулармен мәдени-көпшілік шараларға қатысып келеді.Яғни, үйірме аудан асып, облыстық және республикалық сайыстарда бақ сынап, марапат төрінен көрініп жүр.
Мәселен, кәсіпорын жанындағы үйірменің бірі – ән үйірмесі. Үйірме мүшелері түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Дәлірек айтсақ, биыл жыл көлемінде аудан, облыс және халықаралық 104 байқауға қатсып, оның барлығынан құр қол қайтпаған. Тіпті аталған орын өнерпаздары бас жүлде мен бірінші орынды да қанжығаға байлаған кезі көп болған.
Жалпы үйірме жұмыстарын жандандыру мен өнер ұжымын, вокалды аспаптар ансамблі, ұлттық, халықтық, оркесторлар, хор ұжымдарын дайындау және құру бағытында кәсіпорын атқарған жұмыстың жыл бойы жеткен жетістігі көңіл қуантады.
Тән ауырса – дәрімен емдейді, ал жан ауырса ше? Әлбетте руханият пен өнерді ұштастырған – мәдениет емдері анық. Сол себепті де ауданның мәдени-көпшілік шараларға белсене араласып, өз өнерлерін патша көңіл көрермендерін сусындатып жүрген ұжымның өнері өміршең болғай дейміз.

Серік АҚМЫРЗА
26 қараша 2024 ж. 31 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 32

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 29

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930