Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Атамұраның” асуы

“Атамұраның” асуы

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының «Кенттік клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанынан Қазақстанның мәдениет қайраткері, күйші-композитор Орақ Баубековтың ұйымдастыруымен 2010 жылы «Күй самалы» ұлттық жастар және ардагерлер ансамблі құрылды. Ансамбль құрамында 25-ке жуық өнерлі жастар мен өнерлі еңбек ардагерлері қамтылды.
Осы жылдары ансамбль ұйымдастырушысы О.Баубеков облыстық мәдениет басқармасына, облыстық халық шығармашылығы және мәдени-продюсерлік орталығына, мәдениет минстрлігіне ұлттық «Күй самалы» жастар және ардагер ансамблінің атқарып жатқан жұмыстары туралы құжаттарды, қатысушы мүшелері жайлы мәліметтерді фотосуреттерімен қоса жіберді. Олардан ансамбльге оң сапар тілеп, жарыққа шығуына тілектерін білдірген хат келді. Кейін ансамбль құрамы тарап, 2012 жылы ансамбль құрамы жаңарды.
2013 жылы ансамблдің құрамы зейнеткер өнерпаздармен толықтырылып, атауы «Атамұра» ардагерлер ансамблі болып өзгерді. 2014 жылы Ардагерлер ұйымының Қызылорда облысы бойынша қоғамдық бірлестігінің облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты облыстық өнер фестиваліне қатысып, «Аспапты ансамбль» номинациясы бойынша облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының дипломымен марапатталды.
2016 жылдың 24 маусым күні Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын және «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында халықтық ұжымдардың «халықтық» атағын қайта қорғау және «халықтық» атаққа үміткер ұжымдардың аттестациялық байқау болып өтті. Кәсіпорын аттестациялық байқауға ансамбльдің құжаттарын, 2013, 2014, 2015 жылдардағы бағдарламаларын, ансамбль туралы мәліметті, гастролдік сапар, фотоальбом және бейнетаспа жинақтарын ұсынып, ансамбль аттестациялық байқау ережесіне сай көрсетті.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы бойынша жоғары орындау шеберлігі және көркемөнерпаздар ұжымы атағы берілді. Заңды түрде «Атамұра» ардагерлер халық ансамблі болып жұмыс атқаратын ұжымның жыл сайынғы дәстүрлі концерті халыққа ұсынылуда. Әрбір ауылдар мен аудан орталықтарында шығармашылық кештерін ұсынса, сондай-ақ әрбір мерекелік шараларда өздерінің туындылары мен ән-шашуларын көрсетуде. Сол дәстүрден жаңылмаған «Атамұралықтар» биылғы жылы да аудан орталығына жақын орналасқан Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс, Жанқожа, Ақтан батыр, Ғ.Мұратбаев, Абай ауылдарына гастролдік сапарларымен өнер көрсетті. КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, жерлесіміз Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Айналдым халқымнан еркелеткен» атты тақырыппен халық әндері мен жергілікті сазгерлер әндері, күйлері, сондай-ақ Роза Бағланова шырқаған әндерді нақышына келтіре орындады. Ансамбль құрамында қазіргі таңда Орақ Баубеков, Нұрмаш Алғашбаев, Қанатбай Есенжолов, Қарлыға Қалекеева, Күлпараш Сәрсенбаева, Шамшагүл Захарова, Рахия Маханбет, Жеткерген Бернешов, Күлдәрі Өтегенова, Алғашбай Әбілтай, Байке Жақсыбек, Ақжолан Балымбетов, Ерпазыл Жүсіпов, Бижан Құрманбай өнер көрсетеді.
Әрбір саланың ардагерлері халыққа рухани демалыс сыйлап, өскелең ұрпаққа өнер арқылы үлгі болып жүргені анық. Олай болса көпке үлгі боларлық «Атамұрадағы» ата-әжелерімізге Алла күш-қуат берсін дейміз. Елге берер өнерлеріңіз тоқтамасын!
Жанар ПІРІМБЕТ,
Әйтеке би кенттік клубының әдіскері
26 сәуір 2022 ж. 931 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930