Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі ең арзан пәтерлердің қай қалада екені аталды

Еліміздегі ең арзан пәтерлердің қай қалада екені аталды

istockphoto.com
Krisha.kz еліміздегі пәтерлердің құнын зерттеді. Осылайша, қазір баспананың қанша тұратыны, қай қалада арзан, қай қалада қымбат екені анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстанда пәтер қанша тұрады?
Бөлме санына байланысты пәтердің орташа бағасы төмендегідей:

1 бөлмелі – 13 млн тг;
2 бөлмелі – 19 млн тг;
3 бөлмелі – 25 млн тг.
Бұл – 20 қаладағы орташа баға көрсеткіші.

Ең арзан пәтер қайда?
Ең арзан жылжымайтын мүлік Қызылордада. Бұл – 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты.
1 бөлмелі – 7,5 млн тг;
2 бөлмелі – 12 млн тг;
3 бөлмелі – 16 млн тг.
Алматыдағы 1 бөлмелі пәтердің құны Қызылордадағы үш 1 бөлмелі пәтермен бірдей. Тіпті, жиһаз бен жөндеу жұмыстарына ақша қалады.

Ең арзан қалаларға мыналар да кіреді:
Тараз;
Талдықорған;
Жезқазған.
Бұл жақтарда 1 бөлмелі пәтердің бағасы 9,5-10,5 млн теңге аралығында, 2 бөлмелісі 14 млн тұрса, 3 бөлмелі баспананың бағасы 21-23 млн теңгеге жетеді.

Қазақстандағы ең қымбат пәтер
Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша көшбасшы – Алматы қаласы.

Биылғы қарашадағы бағалар:
1 бөлмелі – 24 млн тг;
2 бөлмелі – 36 млн тг;
3 бөлмелі – 44 млн тг.

Астанада пәтер құны Алматыдағыдан төмен:
1 бөлмелі – 18 млн тг;
2 бөлмелі – 26,8 млн тг;
3 бөлмелі – 39,5 млн тг.

Үштікті Шымкент түйіндейді:
1 бөлмелі – 15,5 млн тг;
2 бөлмелі – 22,5 млн тг;
3 бөлмелі – 28,5 млн тг.
25 қараша 2024 ж. 228 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 18

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 19

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 18

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031