Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қызылорда көш бастап тұр": Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

"Қызылорда көш бастап тұр": Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана – екінші орында. Ал Шымкент – үшінші орында.
Фото: old.kzvesti.kz
2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр.
Сонымен қатар, бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.
  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.
Сондай-ақ, ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.
"Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады", – делінген хабарламада.
Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.
  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.
Ал, еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге.
24 қараша 2024 ж. 183 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930