Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай қалаларында пәтер арзан?

Қазақстанның қай қалаларында пәтер арзан?

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй бағасы сұранысқа байланысты әртүрлі
Қазақстанның қай қалаларында пәтер арзан?
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда ең арзан тұрғын үй Қызылорда қаласында орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайты Krisha.kz мамандарына сілтеме жасап.
Қызылордадағы пәтер бағалары басқа өңірлермен салыстырғанда едәуір төмен:
  • 1 бөлмелі пәтер – 7,5 млн теңге;
  • 2 бөлмелі пәтер – 12 млн теңге;
  • 3 бөлмелі пәтер – 16 млн теңге.
Қызылордадан бөлек, қолжетімді баспанасы бар қалалар қатарында Тараз, Талдықорған және Жезқазған да аталды. Бұл қалалардағы орташа бағалар:
  • 1 бөлмелі пәтер – 9,5-10,5 млн теңге;
  • 2 бөлмелі пәтер – 14 млн теңге;
  • 3 бөлмелі пәтер – 21-23 млн теңге.

Қазақстандағы ең қымбат тұрғын үйлер

Алматы тұрғын үйі ең қымбат қала ретінде көш бастап тұр:
  • 1 бөлмелі пәтер – 24 млн теңге;
  • 2 бөлмелі пәтер – 36 млн теңге;
  • 3 бөлмелі пәтер – 44 млн теңге.
Астана екінші орында. Мұнда пәтерлер бағасы Алматыдан төмен болғанымен, орташа көрсеткіштен жоғары:
  • 1 бөлмелі пәтер – 18 млн теңге;
  • 2 бөлмелі пәтер – 26,8 млн теңге;
  • 3 бөлмелі пәтер – 39,5 млн теңге.
Шымкент қаласы үшінші орынға тұрақтады:
  • 1 бөлмелі пәтер – 15,5 млн теңге;
  • 2 бөлмелі пәтер – 22,5 млн теңге;
  • 3 бөлмелі пәтер – 28,5 млн теңге.
«Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй бағасы олардың экономикалық жағдайына, сұранысқа және инфрақұрылымдық даму деңгейіне байланысты әртүрлі. Елімізде арзан баспананы шағын қалалардан табуға болады, ал ірі мегаполистерде, әсіресе Алматы мен Астанада, пәтерлер бағасы айтарлықтай жоғары», — дейді мамандар.



24 қараша 2024 ж. 257 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031