Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда пәтер жалдау бағасы 20%-ға төмендеді

Қазақстанда пәтер жалдау бағасы 20%-ға төмендеді

Қазан айының ортасынан бастап Қазақстанда пәтер жалдау бағасы төмендеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалдамалы пәтер құнының теріс динамикасы қазан айының ортасынан басталып, содан бері бағалар орта есеппен 20%-ға төмендеді.
Петропавлда пәтер жалдау бағасы айтарлықтай төмендеді. Онда шаршы метр орта есеппен 41%-ға, Ақтөбеде 36 %-ға, Павлодар мен Орал қалаларында 32 %-ға арзандады. Өткен аптамен салыстырғанда, Астанада жалға алу бағасы 22%-ға, Алматыда 11 %-ға аз.

Алайда қыркүйекке дейінгі кезеңмен салыстырғанда қазір Қазақстанда пәтер жалдау 25 %-ға қымбатырақ. Астана мен Алматыда бүгінде жалға алу құны қыркүйектегі бағалардан 28 және 33 %-ға жоғары.

27 қазан - 3 қараша аралығындағы соңғы аптаны алсақ, барлық қалаларда теріс динамика байқалды. Алматыда 3,6 %-ға, Астанада 4,6 %-ға төмендеді. Ақтөбеде айтарлықтай арзандағаны байқалды, ондағы төмендеу көрсеткіші 8,6 %-ға тең.

Алматы – әлі де пәтер жалдау құны ең қымбат қала. Бір бөлмелі пәтер айына орта есеппен 250 мың теңге. Ал Талдықорғанда жалдамалы пәтерлердің ең төменгі бағалары анықталды. Мұнда бір бөлмелі пәтерді 80 мың теңгеге жалдауға болады.
04 қараша 2022 ж. 357 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031