Қазақстанда жалдамалы пәтердің бағасы арзандады
2024 жылдың қазан айында жалдамалы тұрғын үй бағасы қыркүйектегі бағамен салыстырғанда шамамен 2%-ға арзандады. Тіпті, бірнеше қалада үй жалдау құны 6-10%-ға дейін төмендеген. Ал Алматы қаласы бойынша жалдамалы құны тек 1%-ға арзандаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздің облыс орталықтарында, әсіресе солтүстікте жалға берілетін тұрғын үй арзандады. Мәселен, Петропавлда бағаның төмендеуі шамамен 9%-ды құрады (бүгінде "бір бөлмелі пәтерді" айына 100 мың теңгеге алуға болады), ал Павлодарда бағалар 8%-ға төмендеді (айына 1 бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы –110 мың теңге).
Астана мен Шымкентте бағаның 3-4%-ға төмендеуі тіркелді. Мәселен, елордада Бейбітшілік және келісім сарайы маңынан 1 бөлмелі пәтерді 170 мың теңгеге жалға алуға болады, Шымкентте әл-Фараби ауданында "бір бөлмелі пәтерді" жалға алу 150 мың теңгені құрайды.
Алматыға келетін болсақ, баға құбылмалы. "Самал" шағынауданында бір бөлмелі пәтерді айына 350 мың теңгеге жалға алуға болады, ал Алатау ауданында 100 мың теңгеге тұруға болады. Алматыда жалпы төмендеу қыркүйек айымен салыстырғанда шамамен 1%-ды құрады.
Қазақстандағы қалалар бойынша ТV, Wi-Fi және жиһазы бар 1 бөлмелі пәтерді жалға алудың орташа бағасы:
Ақтау – 120 000 теңге
Ақтөбе – 140 000 теңге
Атырау – 140 000 теңге
Қарағанды – 130 000 теңге
Қостанай – 130 000 теңге
Орал – 130 000 теңге
Өскемен – 120 000 теңге
Көкшетау – 130 000 теңге
Қонаев – 120 000 теңге.