Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржыгерлер мәртебе төрінде

Қаржыгерлер мәртебе төрінде


Жас мемлекетіміздің өсіп-өнуіне, өркендеуіне сан сала қызметкерлерінің сүбелі үле­сі бар десек, соның ішінде қаржы саласының және ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің орны ерек. Себебі бірінің – аграрлық ауданымыз үшін маңы­зы айрықша болса, екіншісі – қаржылық тұрақтылығын арттыруда маңызы зор. 15 қараша – Қаржы саласының және ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кә­сіби мерекесіне қарсаңында сала мамандарына құрмет көр­сетілді.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараның алғы сөзі аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетке бері­ліп, ауданның әлеуметтік-эко­­но­микалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекеле­рімен құттықтады.
– 2024 жылға арналған аудан бюджеті 11,1 миллиард теңге болып бекітіліп, 18,6 миллиард теңгеге нақтыланып, 69 пайызға ұлғайды. Мұнан басқа да ауданның барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері толық орындалып отыр. Есепті кезеңдегі қол жеткізген бұл жетістіктерге аудандағы қаржы саласының қызметкерлерінің қосқан үлесі зор.
Ауыл шаруашылығы мен тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласының аудан эконо­микасының өсіп-өр­кен­­деуіне қосар үлесі ұшан теңіз. Мәселен, үстіміздегі жылдың 10 айында ауданда 22,6 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, оның 20,3 млрд теңгесі немесе 89 пайызы өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Сондықтан да қос саланың қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын, – деді ол.
Мұнан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан мереке иелері марапат төрінен көрініп, құрмет көрсетілді.
Кәсіби мерекеде аудандық экономика және қаржы бөлі­мінің басшысының орынбасары Қазынагүл Бәкен ҚР қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар бірқатар сала қызметкерлеріне облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Аудан­дық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мерекеде ауданның эконо­микалық көрсеткіштерінің артуына талмай еңбек етіп, табыстың берекесін тасытқан ардагерлер де назардан тыс қалмай, аудан әкімінің мерекелік сый-сияпатына ие болды.

Шара соңында қаржы және ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласы қызметкерлері мен сала ардагерлерінің құрме­тіне аудандық мәдениет орта­лығының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

С.ӘЛИҰЛЫ
19 қараша 2024 ж. 132 0

Жеті қырлы, бір сырлы

05 тамыз 2025 ж. 171

Экономикада серпін бар

05 тамыз 2025 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031