Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еселі еңбек – абырой арқауы

Еселі еңбек – абырой арқауы

Жыл сайын елімізде қараша айының үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтіледі. Атаулы мерекеге орай өткен жұмада Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында жерде еңбек етіп, мал шаруашылығымен айналысып, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасап, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына талмай үлес қосып жүрген жандардың басын қосқан салтанатты шара өтті.
Шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
– Халықтың жағдайын жақсарту мен өнім сапасының жақсы болуы – ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Осы жұмыстарды атқаруда, ауыл шаруашылығын дамыту жолында ауыл еңбеккерлері мен сала мамандарының сіңірген еңбектері зор.
Халқымызда «Еңбек – адамды ер атандырады» деген дана сөз бар. Біздің ауданымыз ауыл шаруашылығына негізделген аймақ. Ауыл шаруашылық саласының мамандары ауызбіршіліктің, тынымсыз еңбектің арқасында бір адамдай жұмыла білді. Аудан халқы «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлікте, ынтымақтастықта еңбек етуде.
Бүгінгі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде ерен еңбектеріңізге және саланы дамытуға қосып жүрген ерекше үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен табандылықтарыңыз және өз ісіне деген адалдықтарыңыз ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық, – деді аудан басшысы.
Мерекелік жиында ауыл шаруашылығы саласының ардагері Өткелбай Жолмырзаев Қазалы ауданының «Құрмет грамотасымен», «Рза – Агро» ЖШС-нің егіс бригадирі Қоңырбай Жасыбай ҚР ауыл шаруашылығы министрінің «Құрмет грамотасымен», «Мақсатбай» шаруа қожалығының жетекшісі Темірхан Мақсатбаев пен «Кеңесбай» шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Кеңесбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сондай-ақ халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсартып, ел экономикасын дамыту жолында тынбай еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері мен ардагерлерге «Құрметті ардагер», «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісі, облыс, аудан және Астана қаласы әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Кеш соңында аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
23 қараша 2022 ж. 434 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930