Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандары марапатталды

Сала мамандары марапатталды

Елімізде жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде – ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді.
Осы мерекеге орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сала қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.
– Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінде ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы орын алған қиындықтарға қарамастан, алға қойылған міндеттер толығымен орындалды деп айтуға толық негіз бар.
Ауданымыз егін жинау науқанын ойдағыдай өткізіп, диқандарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында ел қамбасына 29,5 мың тоннадан астам астық құйылып, 15,5 мың тоннаға жуық бау-бақша өнімдері жиналды.
Көктемдегі құрғақшылық пен Сырдария өзеніндегі су тапшылығына қарамастан қазалылық диқандар күріштің әр гектарынан 44,9 центнерден өнім жинап алды. Бұл – осы жерде отырған азаматтардың және ауылдағы қарапайым жұмысшылардың арқасы. Осы еңбектеріңіз үшін мен алғысымды айтқым келеді, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Аудан басшысы сонымен қатар, бүгін тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері де өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтетіндігін жеткізді.
Бұл сала қызметкерлерінің аудан экономикасының өсіп-өркендеуіне қосар үлесі ұшан теңіз. Мәселен, үстіміздегі жылдың 10 айында ауданда 14 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, оның 12 млрд теңгесі немесе 85 пайызы өңдеу өнеркәсібінің үлесінде.
Ауданымызда алыс-жақын шет елдерге тамақ өнімдерін жөнелтетін кәсіпкерлер де бар. Мәселен, «СПК Қызылорда балық» ЖШС мен жеке кәсіпкер Төребек Игіліков Еуропаның бірнеше елдеріне балық өнімдерін жөнелтсе, «Рза – Агро», «Сыр маржаны» ЖШС мен жеке кәсіпкер Есқожаев Мерей күріш өнімдерін Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Ирак пен Өзбекстан еліне экспорттады. Одан бөлек, «Рза – Асыл-түлік», «Рза – сүт» серіктістіктері мен жеке кәсіпкер Қазбергенова Фатима сүт және кәмпит өнімдерін еліміздің әр өңіріне жөнелтуде. Сондай-ақ, соңғы жылдары аудан кәсіпкерлері тез дайындалатын тамақ өнімдерін әзірлеуге ден қойып, кәсіптерін дөңгелетуде.
Мерекелік шарада осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен және «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен республикалық фермерлер қауымдастығының «Құрмет грамотасы» және облыс, аудан әкімдерінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің атынан «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараны ұйымдастырған аудан басшылығына алғысын айтты.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
20 қараша 2021 ж. 387 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930