Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 қарашадағы ауа райы: синоптиктер ескерту жасады

8 қарашадағы ауа райы: синоптиктер ескерту жасады

istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК мамандары 8 қарашада еліміздің 19 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақытта 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Астанада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жолдардағы көктайғақ сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.

Алматыда түнде тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, түнде екпіні – 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні – 23-28 м/с.

Шымкентте түнде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні – 23-28 м/с.
08 қараша 2024 ж. 55 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 64

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930