Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін 14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

3 қарашада еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с . Атырау қ: 03 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 03 қараша түнде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Қостанай қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 03 қарашада күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 03 қарашада тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 03 қарашада күндіз оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
03 қараша 2024 ж. 109 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 33

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 67

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 114

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 60

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 61

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031