Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

Фото: ашық дереккөзден
Анам орап салғанда ақ бесікке,
Тәңірім қарық қылған бақ- нәсіпке.
Мен өмірді қалаймын, сондықтан да,
Мойынымды бұрмаймын жат кәсіпке.

Қалдырман жеті атамды жаман атқа,
Не жетсін, сүргенге өмір саламатта,
Жаратқанның денсаулық сыйы емес пе?
Қиянат жасамаймын аманатқа.

Қолынан келеді көптің тастау күндеп,
Түспе дос, жаман жолға жастаумын деп.
Сөзімізден ісіміз алшақ болмай,
Өзімізден барлығын бастау- міндет!

Жол табар шын ақылдан сана кей түн,
Бар қызыққа лайықты бала дейтін.
Есірткіге ел болып қарсы тұрсақ,
Алашым, биіктейді дара кейпің.

Есірткіге ерме, дос, ойлан бір сәт,
Қуаныштың табылмас одан еш нақ.
Арманды да ұрлайды, уақытты да,
Саулығыңды жоғалтасың, өмірден ақ.

Көз алдыңда бүліне бастар әлем,
Жалған сезім- уақытша, болар әлек.
Жақындарың, достарың күтер сені,
Таза өмірді таңдағын, сонда керек!


Динара ӘБДУАЛИ,
Қазалы ауданы, Ақсуат ауылы
№100 орта мектептің 11-сынып оқушысы

06 қараша 2024 ж. 454 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031