Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғаламның өлім тұзағы

Ғаламның өлім тұзағы

Жетсе де күн екі өмірді жалғайтұғын,
Арын сап, бірін-бірі алдайтұғын.
Әр жанға ажал жебе атылса да,
Иманның есігіне бармайтұғын.

Бұл қоғамның індетіне айналды,
Нашақорлық түрлі жаннан байқалды.
Есіргеннің ермегіне есірткі боп,
Жүрегінде арам нәпсі жайқалды.

Айта берсең, ақиқат бар табылар,
Жүректегі имандылық жойылар.
Есірткі мен наша шегіп жүретін,
Сондай жандар қоғамда да тағы бар.

Қалды зарлап балаңменен жан-жарың,
Күл боп ұшты, алға қойған арманың.
Есірткінің торына бір байлансаң,
Мәңгі бақи сор боп өтер жалғаның.

Тәубе етіп, құлшылық қыл, бауырым,
Намазбенен өзгерсін бар тұлымың.
Аллаһ ертең жазаңды тозақ қылса,
Зар илерсің, босқа өтіп бар ғұмырың.

Есірткіге байланған қанша адам бар,
Намаз оқып, құлшылық қыл, жарандар,
Аллаһ егер тәубеңді қабыл алса,
Кешірілер бар күнәң мен харамдар.

Зар заманым зымырап қайда барады?
Имансыздар тиесілі орнын табады.
Есірткіні бүгін енді қоймасаң,
Ажал сені өзі іздеп табады.
Мәңгі сөнбес өз отына жағады.

Ойлан, қәне, бауырым ақылға кел,
Ертең әлгі қателік жаныңды өртер.
Ендігі бұл күндері көз ашпасаң,
Уақыт болмас күнәңді ертең жөндер.

Бақыт, байлық елімізден жол тапсын.
Иманымыз әрекетті қолдап шын.
Есірткілер бұл жалғаннан жойылып,
Нашақорлар бұл әлемде болмасын.
Асқар БАУЫРЖАН,
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің
11 «Б» сынып оқушысы.
24 қаңтар 2018 ж. 1 627 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 38

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 40

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 32

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 34

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930