Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Мен өзімді бақытты ұрпақпын деп есептеймін. Себебі, ата-бабаларымыз бізге осынау ұлан байтақ жерді,тыныс алатын ауаны,қаншама байлықты және рухани мәдениет пен өркениетті,ғажайып бейбіт өмірді сыйға тартып кетті.Бізге осыншама байлықты "Сендер де келер ұрпаққа дәл осындай етіп қалдырыңдар"деп аманат етті.
Сондықтан мен бабалар аманатына қиянат жасамай өзімнен кейінгі ұрпаққа табыс ету парызым.Осы сенімді ақтау үшін не істеуім керек? Ол үшін жаман әдеттерден аулақ болып, тәрбиелі, әдепті, білімді, тәртіпті, денсаулығым мықты,Отанға адал болуым керек.Өмір адамға бір-ақ рет беріледі,сол өмірді мәнді,мағыналы,мазмұнды етіп өткізу өз қолыңда. Теріс қылықтарға бой алдырмай,өмірде кездесетін түрлі қиындықтарға мойымай,мақсатыңа жету жолында түзу жүрсең,өмірдің саған берер сыйы аз болмайды.Болашағыңа үлкен сеніммен қарап,ғажайып өміріңді көз алдыңа елестет,өте керемет! Армандаған мамандық иесі болып,сүйген адамыңмен отбасы құрып, бақытты ғұмыр кешу қандай ғанибет. Көп адамдар ерік-жігерінің әлсіздігінен есірткіге еліктеп,әзілге ереді, аз уақыт ішінде соған тәуелді болып құрдымға кеткенін білмей де қалады.Ата-анасының үмітін ақтамаған мұндай жандардың келешегі жоқ,оларда отбасы,бауыр,ата деген ұғым да болмайды.Әсіресе,қазіргі жастардың көпшілігі есірткі деген затқа әуес болған.Уақыттарын босқа өткізуде.Олар теріс жолға түсіп бара жатырғанын ертерек түсініп,қоршаған ортасына,айналасындағы жақын жандарға тек қана жақсы,игі істерін арнаса екен.Сондықтан,мен өзімнің достарыма,сыныптастарыма үндеу жариялаймын.Қадірлі менің достарым!Біз Қазақстан атты елдің ертеңіміз,Отанымызды көркейтіп,дамытуға міндеттіміз.Ол үшін уақытымызды білім алуға жұмсап,ғылымға бет бұруымыз керек.Ақын М.Жұмабаев "Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты "Мен жастарға сенемін"-деп үлкен сенім артты. Осы сенімді ақтайық.
Еркеназ ЖИЕНТАЙ,
6 б сынып оқушысы
10 қараша 2023 ж. 135 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30