Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

Лақалы ауылында «Еңбек – өмірдің мәні» тақырыбында шара өтті.
«Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, тыл ардагері Шахан Досжанұлының 95 жылдығына арналған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауы, Лақалы ауылдық клубының ұйымдастыруы, ұрпақтарының қолдауымен өткен сында 7 жігіт өнерлерін ортаға салды.
Үш кезең бойынша өткен са­йыста талапкерлерге мәдениет сала­сының үздігі Кенже-Әлі Асқардың, Республикалық, облыстық ән бай­қауларының жүлдегері Мадияр Жеткербай және Нақып Досжанов қазылық жасады.
Қатысушылардың сахна мәдениеті, орындау шеберлігі, ұтқырлығы мен тапқырлығы, шымырлығы мен ширақтығы жан-жақты сынға түсті. Нәтижесінде бас жүлде Әйтеке би кентінің үкілі үмітін арқалаған Дәуірхан Қанибаевқа бұйырды.
Жүлделі бірінші, екінші орынды лақа­лылық Көмек Алмабек, майдакөлдік Нұрсұлтан Арапа өзара бөлісті. Үшінші орынға Қ.Пірімов ауылынан қатысқан Серік Тілеумұрат пен Тасарық ауылының талантты ері Рақымжан Байзақ лайық деп танылды. Ақсуаттық Нұрлыбек Балғара «Сырбаз жігіт», Қазалы қаласынан қатысқан Бауыржан Қауынбай «Сері жігіт» бағамына ие болды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға диплом, Шахан Досжанұлы жайында дерек­тер топтастырылған кітапша және ақша­лай сыйлық табыс етілді.
Бұл күні Лақалы ауылында бағдарлама аясында «Күш атасын танымас» атты қазақша күрестен сайыс өтті.
Көрермендер назарына туған жердің өркендеуіне үлес қосқан, ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуда елеулі еңбегімен еленіп, 15 жылдан астам уақыт балықшы, 25 жыл шопан болып, талай мәрте марапат төрінен көріне білген еңбек ардагері Шахан Досжанұлы өмір жолынан дайындалған бейнесюжет ұсынылды. Ауылдық округ әкімі Әлмұхан Кәрібаев сөз сөйлеп, аудан әкімінің орынбасары Болат Жолтаевтың кеш иесі ұрпақтарына «Алғыс» марапатын тапсырды.

Айнұр МЕЙРАМБАЙҚЫЗЫ,
Лақалы ауылдық клубының қызметкері
02 қараша 2024 ж. 150 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031