Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талап һәм тазалық

Талап һәм тазалық

Ауданда «қоқыс тастауға болмайды, айыппұл салынады» деген жазу көп-ақ. Ескеріп жатқан ешкім жоқ. Әркім қарекетінше қап-қап етіп, көшеге шығара салғанды құп көреді. Ал оны шашу қараусыз төрт түлік пен қаңғыған иттің мойнында. Әдет пе? Қалып па?

Тазалық – тал бесіктен басталады. Дәл осы тәмсілді айта-айта, жаза-жаза біз, оны оқи-оқи жұрт та жалыққан шығар, сірә?! Бірнеше айдан бері мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, сенбілікке шығып жүр. Жөн-ақ, ауданның жай-күйі оның тазалығынан байқалады. Дегенмен бүгін ғана тазалап, қоқысын жинап кеткен көшеде келесі апта тағы бір қоқыстың мүйіші шығып тұрады. Шашатын тұрғын, жинайтын кім?
Қазалы ауданында әрбір сенбі сайын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында таза­лық жұмыстары қарқынды жүр­гізіліп келеді. Акция аясындағы сен­білік өткен аптада да ауданның барлық аумақтарында жалғасын тапты. Сенбілікте орталық көшелер мен саябақтар, арықтар тазаланды. Одан бөлек көше бойындағы арам шөптер оталып, қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды.
Бұл жолғы тазалық жұмысы барысында мекеме ұжым қызметкерлерінің басым көпшілігі Т.Бөрқұлақов көше­сіне жұмылдырылды. Әйтеке би кен­тінде ұйымдастырылған тазалық жұ­мыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап, әр аумақта жүр­гізіліп жатқан тазалық жұмыстарын бақылады. Әрбір аймақтағы тазалық жұмыстарына байланысты жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Сенбілік жұмыстары аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтерде де ұйымдастырылды.
Кез келген тазалық адамның өз бойынан көрініс тапсын. Себебі, өзін таза ұстай білген адам, өзгеге де сол тазалығын көрсете алады. Сол себепті қазақта «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген. «Жақсы әйел ұлтты тәрбиелейді» деген тағы бір тәмсіл бар. Дәстүрлі санамызда қазан-ошақ иесі – әйелге қатысты керемет түсініктер қалыптасқан. Үйінің таза болуына мән берген әйел – берекені кіргізеді. Сырт көз сыншы емес пе? Үй шаруасын дөңгелетіп, балалардың тәрбиесіне қарап отырған әйелдің үйіне келген қонақ та үйдің тазалығына қарап отырып, әйелдің қандай екенін білетін болған. Ал ауласы, есік алды бірінші көзге түсетін тазалықтың айнасы.
Қоқыс жәшігі тұрса да, қолдағы судың бос қалбырын арық ішіне тастай саламыз. Жо-жоқ, бұл тәрбиемен сіңген әдет. Қалпынан ешкім бүлікшіл, тазалықтан ада болмайды. Біз қандаймыз, ұрпақ сондай болып шықпақ. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген бар. Бізден көргенді ұрпақ қайталайды. Акцияда қаншама тонна қоқыс тазартылып тұрады. Бірнеше айға созылған сенбілікте қаншама текшесін тазартылды. Қоршаған ортаны һәм өмір сүрер айлақты тазалаған жөн-ау, сананы кім тазартады? Күл-қоқысты көз көрген жерге тас­тай салу дағдысынан қашан арыламыз?
Азияның барысына айналған Малайзия деген ел бар. Мұнда көшеге темекі тұқылын тастаса 200 АҚШ доллар көлемінде айыппұл салады. Көліктің доңғалағы балшық болса, 500 доллар айыпқа ілігеді. Әлде біздегі тазалықты айыппұл төлеумен азайту қажет пе? Шынтуайтыны керек, «қоқыс тастамаңыз, айыппұл салынады» деген жазудың маңына қоқысын үйіп кете беретін бізге сананы тазарту керек-ақ. Мүмкін санаға сенбілік жүргізерміз...

Айнұр ӘЛИ
08 қазан 2024 ж. 109 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930