Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады
Теңге бағамы бойынша
Қазанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін, яғни 3,5%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 248 млн АҚШ долларынан 271 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 6 млрд АҚШ доллары.
Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?
Қазанда Ұлттық қордан 660 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуге, "Талдықорған-Үшарал" газ құбырын салу бойынша жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ы немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ доллары болған.
Интервенция бойынша
Ұлттық банк қазанда валюта интервенциясын жүргізген жоқ.
БЖЗҚ бойынша
Ұлттық банк БЖЗҚ валюта активтерінің үлесі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескеріп, қазанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Ұлттық банк мәліметінше, қарашада да валюта сатып алу жоспарланбайды.












