Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан»: Сенбілікте серпін бар

«Таза Қазақстан»: Сенбілікте серпін бар


 Бірнеше аптадан бері мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, сенбілікке шығып жүр. Жөн-ақ, ауданның жай-күйі оның тазалығынан байқалады. Дегенмен бүгін ғана тазалап, қоқысын жинап кеткен көшеде келесі апта тағы бір қоқыстың мүйіші шығып тұрады. Шашатын тұрғын, жинайтын кім?

Осы күнге дейін «үйіңіздің айналасын таза ұстаңыз» деп жар салып жүргенімізге біршама жыл болды. Сенбіде ғана белгіленген көшені тазалаған жан келесі сенбіде қайта шашылғанын көріп, құлазып жататыны бар. Сондайда «Апыр-ау, алдында ғана жинап кетіп едік, не үшін тастай береді» деп іштей ашынады. Кейбір арық бойы толған бөтелке, шөлмек, бос құтылар. Мұндайда бетке таққан маскаң көмекке келеді. Бірақ оның да «құдіреті» қашып, өткір иіс өңменіңе кеп тіреледі. Үйінен шыққан қоқысты арнайы орынға емес, жолдың бойына не бағанаға сүйеп қойып кететінін қайтесің?! Оны ит те, мысық та жан-жаққа шашып әлек. Қош. Бірнеше аптадан бері аудандағы мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, сенбілікке шығып жүр. Акция да ұйымдастырылып, тазалықты сақтау барынша күшейген. Нәтиже берді ме?
Иә, ауданның жай-күйі оның тазалығынан байқалады. Табиғат тазалығы – халық саулығы екенін ескерсек, айнала қоршаған ортамызды, табиғатты таза ұстау – баршамызға ортақ міндет.Елде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қазалы ауданында көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары барлық кент, қала және ауылдық округ аумағында қарқынды жалғасуда.Сенбілік жұмыстары барысында аудан орталығы – Әйтеке би кентінде 7 аймақ бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, 23,4 шақырым аяқ су арықтары тазартылыпты. Сонымен қатар газ трубалары, жол белгілері, қоршаулар, электр мен жарықшамдардың бетонды бағаналары сырланып, ағаш түптері әктелді. Ал «Киелі мекен» акциясы аясында аудан аумағындағы ескерткіштер мен киелі орындар абаттандырылып, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде 1200 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Жанқожа батыр кесенесі мен Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінің аумағында тазалық жұмысы қарқынды жүрді. Бұдан бөлек қазақ хандығының астаналарының бірі «Жанкент» қалашығы мен Бегім ана мұнарасы, Кердері кесенелерінің аумақтары да абаттандырылды. Қармақшылықтар түркі жұртына ортақ қасиетті мекен Қорқыт ата ескерткіш-кешені мен Марал ишан, Қалқай ишан кесенелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Айта кететін жайт, сенбілікке аудан бойынша 2238 адам мен 37 техника жұмылдырылып, 30,9 тонна бей-берекетсіз қоқыстар тазартылыпты. 33,9 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылған. Осылайша ауданда сенбі сайын өтіп жатқан көркейту-көгалдандырубасталғалы сенбілік жұмыстары серпінді жүргізілуде.
Ауламыз бен есік алды бірінші көзге түсетін тазалықтың айнасы. «Жұғын бар жерде – шыбын бар, Шыбын бар жерде – шығын бар» дейді. Берекенің келетін жолы тазалықпен де байланысты. Тазалық, көркемдік, жайлылық. Бұл әрбір адамға керек. Күнделікті көңіл-күйіңнің қандай болмағына да осы жағдайлар әсер етеді. Шынында да, жаздың аптап ыстығында жасыл-желекті көрсең жаның жай тауып, тынысың кеңіп қалатыны рас. Ендеше тазалықты өзіңізден бастап, ізіңізден ерген балаңызды да соған баули біліңіз.
                                                                                                                                                           Айнұр ӘЛИ
23 сәуір 2024 ж. 154 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930