Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Серпіліске бастаған сенбілік

Серпіліске бастаған сенбілік

Бірнеше аптадан бері мекеме қыз­меткерлері бір кісідей атсалысып, сенбілікке шығып жүр. Жөн-ақ, ауданның жай-күйі оның тазалығынан байқалады. Дегенмен бүгін ғана тазалап, қоқысын жинап кеткен көшеде келесі апта тағы бір қоқыстың мүйіші шығып тұрады. Шашатын тұрғын, жинайтын кім?
Қазалы ауданында әрбір сенбі са­йын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Акция аясындағы сенбілік өткен аптада да ауданның барлық аумақтарында жалғасын тапты. Тұрғындармен қатар барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері орталық көшелердегі бей-берекетсіз шашылған қоқыстармен шөптерді шауып, туған жердің тазалығына біркісідей атсалысты.
Әйтеке би кентінде жүргізілген та­залық жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, тазалық жұмыстарына байланысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Айта кеткен жөн, бұл жолғы тазалық жұмыстары Әйтеке би кенті мен барлық ауылдық округтер бойынша орталық көшелермен адам көп шоғырланатын орындарда өткізіліп, шабылған шөптер мен қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Өз кезегінде мамандар барша аудан тұрғындарын экологиялық акцияға біркісідей атсалысып, туған жерде тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосуға шақырады.
Қош. Бала айтқанды емес, көргенін істейді. Ал әр ата-ана өз ауласын өзі тазалап, өзінен кейінгіге үлгі болса, балалары соның істеген ісін қайталайды. Табиғат, Жер-Ананы қалай қастерлеу қажет екенін бойына сіңіргенде ғана жас шыбық соған иіле өседі. Иә, мамандардың да айтатыны осы.
– Әрбір ата-ана өзінің баласының жақсы азамат болып өскенін қалайды. Балаға жақсы тәрбие берудің ең оңай әрі тиімді жолы – өзіңізді үлгілі ұстау. Бала үлкендерден көргенін істейді. Барлығын өзіңізден бастаңыз. Баланы тәртіпке, тазалыққа үйрету жолында жинау жұмысын жаза ретінде қолданбауыңызға кеңес береміз. Бала бұл процесті жаза ретінде қабылдайтын болса, ол іске деген көзқарасы нашар болып қалыптасады. Мұндай жағдайда баланың санасынан ол ойды арылту қиын болады. Балалар өздеріне қуаныш сыйлайтын іспен айналысқанды жақсы көреді. Сондықтан, «жинастыру» процесін қаншалықты көңілді өткізсеңіздер, соншалықты балаңыз тәртіпке жақын болады. Ең соңғы кеңесіміз – балаңызды ойыншықтарын, бөлмесін жинағаны үшін мақтауды ұмытпаңыз. Бала үшін ата-ананың мақтауынан артық сөз жоқ, – дейді психолог Әділет Сәдуақас.
Кез келген тазалық адамның өз бо­йынан көрініс тапсын. Өйткені, өзін таза ұстай білген адам, өзгеге де сол тазалығын көрсете алады. Сол себепті қазақта «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген. «Жақсы әйел ұлтты тәрбиелейді» деген тағы бір тәмсіл бар. Дәстүрлі санамызда қазан-ошақ иесі – әйелге қатысты керемет түсініктер қалыптасқан. Үйінің таза болуына мән берген әйел – берекені кіргізеді. Сырт көз сыншы емес пе? Үй шаруасын дөңгелетіп, балалардың тәрбиесіне қарап отырған әйелдің үйіне келген қонақ та үйдің тазалығына қарап отырып, әйелдің қандай екенін білетін болған. Ал ауласы, есік алды бірінші көзге түсетін тазалықтың айнасы. «Жұғын бар жерде – шыбын бар, Шыбын бар жерде – шығын бар» дейді. Берекенің келетін жолы тазалықпен де байланысты.
Тазалық, көркемдік, жайлылық. Бұл әрбір адамға керек. Күнделікті көңіл-күйіңнің қандай болмағына да осы жағдайлар әсер етеді. Шынында да, жаздың аптап ыстығында жасыл-желекті көрсең жаның жай тауып, тынысың кеңіп қалатыны рас. Ал қоңыр күз көңіл құлазытып, қыс айлары қыспаққа алғанда мұндай әсерден тек тазалық қана құтқара алады. Ендеше тазалықты өзіңізден бастап, ізіңізден ерген балаңызды да соған баули біліңіз.

Айнұр ӘЛИ
02 шілде 2024 ж. 185 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930