Енді ChatGPT медицина мен заң саласында кеңес бермейді
Фото: ShutterstockOpenAI компаниясы өз сервистерін пайдалану ережелерін жаңартты. Енді ChatGPT кейбір тақырыптарда кеңес бермейді.
Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлап отыр.
Жаңа талаптар мамандандырылған білім мен ресми лицензияны қажет ететін салаларға қатысты. Атап айтқанда, ChatGPT медициналық немесе заңгерлік кеңестер беруге, сонымен қатар медициналық бейнелерді (рентген, МРТ, КТ және тағы басқа) талдауға тыйым салынды. Бұған қоса, чат-бот енді ұлттық қауіпсіздік, білім беру, тұрғын үй және еңбек қатынастары сияқты маңызды бағыттар бойынша нақты кеңес бермейді.
Компания мұндай шектеулер пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін мәлімдеп отыр.
OpenAI ережелерінің жаңартылған нұсқасы компанияның барлық өніміне қолданылады. Енді ChatGPT тек жалпы сипаттағы ақпарат ұсынады, ал нақты жағдай бойынша сұрақтарға жауап беруден бас тартады.









