Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Қазалыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрығындары, тіпті кішкентай балақайларда атсалысты.

Тазалық акциясы аясында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қоқысты балмұздаққа айырбаста» шарасы өтіп, кішкентай балақайлар өз аулаларынан шашылған қоқыстарды әкеліп, балмұздаққа айырбастады.

Аудан көлемінде өткен сенбілік жұмыстары барысында орталық көшелер мен саябақтар, арықтар тазаланды.

Одан бөлек мекеме, кәсіпорындардың қоршаулары сырланып, көше бойындағы арам шөптер оталып, қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды.

Аудан орталығында өткен сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, тиісті мекемелерге тазалық жұмыстарына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.


Сенбілік жұмыстарына аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтердің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

10 тамыз 2024 ж. 557 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031