Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазанда теңге бағамы нығайды: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Қазанда теңге бағамы нығайды: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Қазанда теңге бағамы нығайды: Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Фото: depositphotos.com
Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Теңге бағамы бойынша
Қазанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін, яғни 3,5%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 248 млн АҚШ долларынан 271 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 6 млрд АҚШ доллары.

Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?
Қазанда Ұлттық қордан 660 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуге, "Талдықорған-Үшарал" газ құбырын салу бойынша жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ы немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ доллары болған.

Интервенция бойынша
Ұлттық банк қазанда валюта интервенциясын жүргізген жоқ.

БЖЗҚ бойынша
Ұлттық банк БЖЗҚ валюта активтерінің үлесі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескеріп, қазанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Ұлттық банк мәліметінше, қарашада да валюта сатып алу жоспарланбайды.
03 қараша 2025 ж. 137 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930