Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » SpaceX Оңтүстік Кореяның бесінші әскери барлау спутнигін орбитаға шығарды

SpaceX Оңтүстік Кореяның бесінші әскери барлау спутнигін орбитаға шығарды

SpaceX Оңтүстік Кореяның бесінші әскери барлау спутнигін орбитаға шығардыФото: depositphotos.com
Оңтүстік Корея Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі АҚШ Ғарыш күштері базасынан бесінші әскери барлау спутнигін орбитаға шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz Space-ке сілтеме жасап.
Зымыран жексенбіде АҚШ уақытымен 01:09-да ұшырылып, аппаратты есептік орбитаға сәтті жеткізді.
Ұшырылған спутник синтезделген апертуралы радиолокация (SAR) жүйесімен жабдықталған және ұлттық бағдарлама аясындағы бесінші әрі соңғы аппарат болды. Бағдарлама бойынша Сеул жыл аяғына дейін бес барлау спутнигін орбитаға орналастыруды жоспарлаған. Негізгі міндеті - КХДР-ның әскери белсенділігін бақылау және АҚШ спутниктік суреттеріне тәуелділікті азайту.
"Бес спутниктің бірлескен жұмысы Солтүстік Корея тарапынан болатын арандатушылық белгілерін жылдам әрі дәлірек анықтауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті елдің Қорғаныс министрлігі.
Ведомствоның айтуынша, аппараттар тобы елдің қорғаныс жүйесін күшейтіп, тежейтін стратегиясының тиімділігін арттырады. Орбиталық топтама толық іске қосылғаннан кейін Оңтүстік Корея Солтүстік Корея аумағын әр екі сағат сайын бақылай алады.
Айта кетейік, алғашқы оңтүстіккореялық барлау спутнигі 2023 жылғы желтоқсанда ұшырылған. Ол жоғары дәлдіктегі бейнелер алуға қабілетті оптикалық-электрон және инфрақызыл сенсорлармен жабдықталған. Кейінірек ел кез келген ауа райында дерек жинауға мүмкіндік беретін SAR-датчиктері бар тағы үш спутникті орбитаға шығарды.
Осы арада Солтүстік Корея да өз ғарыштық барлау технологияларын белсенді дамытып келеді. 2023 жылғы қарашада Пхеньян алғашқы "Маллигён-1" әскери спутнигін сәтті ұшырды және 2024 жылы тағы үшеуін орбитаға шығаруды көздегенін мәлімдеді. Алайда кейінгі ұшыру сәтсіз аяқталды. 2024 жылғы мамырда спутнигі бар зымыран ұшудан көп ұзамай жарылып кетті.

02 қараша 2025 ж. 130 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930