Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа баулысақ...

Тазалыққа баулысақ...

Бірнеше аптадан бері мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, сенбілікке шығып жүр. Жөн-ақ, ауданның жай-күйі оның тазалығынан байқалады. Дегенмен бүгін ғана тазалап, қоқысын жинап кеткен көшеде келесі апта тағы бір қоқыстың мүйіші шығып тұратыны жасырын емес қой. Жақында тағы да сенбілік өтті. Оған ересектерден бөлек, балалардың атсалысып жатқаны көңілімізді көншітті.
Осы күнге дейін «үйіңіздің айналасын таза ұстаңыз» деп жар салып жүргенімізге біршама жыл болды. Жауыр болған тақырыптан ауытқып, бұ жолы бағытты балаларға бұрайық. Әдеттегіше құлағыма құлаққап тағып, жаяу жүріп көше бойын аралай бастадым. «Апыр-ау, алдында ғана жиналып еді, не үшін ­тастай береді?» деп іштей ашынып келемін. Арық бойы толған бөтелке, шөлмек, бос құтылар. Әуен ырғағымен тербеліп келе жатқанда бір дауыс еміс-еміс естілгендей көрінді. Құлаққапты шешіп, айналама қарасам, 4-5 жас шамасындағы кішкентай қыз «тәтелеп» ізімнен жүгіріп келе жатыр. Екі қолында бөтелке.
– Тәте, тәте, қайда тастасам болады? – деді ол сұраулы жүзбен.
– Ой, жарайсың! Ана-а-ау тұрған қоқыс жәшігіне апарып салайық, – дей бергенім сол еді мына жақтан тағы бір бала қолына жиып ұстаған қоқысын әкеліп, жәшікке салып жатты. Есік алдында ойнап жүрген жерінен мені көрсе керек. Бірінен соң бірі жүгіре келген көше балалары бір қызықтап, бір мақтанып жердегі қоқысты жинап жатты, жинап жатты. Қуанғанымыз да сол, кішкентай балақайлардың ойынның соңынан кетпей, тазалыққа атсалысқаны. Қош. Бұдан не түйдік?
Бала айтқанды емес, көргенін істейді. Бұл соның дәлелі емей немене? Ал әр ата-ана өз ауласын өзі тазалап, өзінен кейінгіге үлгі болса, балалары соның істеген ісін қайталайды. Табиғат, Жер-Ананы қалай қастерлеу қажет екенін бойына сіңіргенде ғана жас шыбық соған иіле өседі. Кез келген тазалық адамның өз бойынан көрініс тапсын. Өйткені өзін таза ұстай білген адам, өзгеге де сол тазалығын көрсете алады. Сол себепті қазақта «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген. «Жақсы әйел ұлтты тәрбиелейді» деген тағы бір тәмсіл бар. Дәстүрлі санамызда қазан-ошақ иесі – әйелге қатысты керемет түсініктер қалыптасқан. Үйінің таза болуына мән берген әйел берекені кіргізеді. Сырт көз сыншы емес пе?.. Үй шаруасын дөңгелетіп, балалардың тәрбиесіне қарап отырған әйелдің үйіне келген қонақ та үйдің тазалығына қарап отырып, әйелдің қандай екенін білетін болған. Ал ауласы, есік алды бірінші көзге түсетін тазалықтың айнасы. «Жұғын бар жерде – шыбын бар, Шыбын бар жерде – шығын бар» дейді. Берекенің келетін жолы тазалықпен де байланысты.
Сенбіде Қазалыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Аудан көлемінде өткен сенбілік барысында орталық көшелер мен саябақтар, арықтар тазаланды. Одан бөлек көше бойындағы арам шөптер оталып, қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды. Сенбілікке аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтердің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.
Тазалық акциясы аясында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағында «Қоқысты балмұздаққа айырбаста» шарасы өтіп, кішкентай балақайлар өз аулаларынан шашылған қоқыстарды әкеліп, балмұздаққа айырбастады. Мүмкін осындай қадамдар арқылы балаларды тазалыққа үйрете алармыз, кім білсін? Сонда да ата-ананың кішкентайынан бойға сіңіре өсірген тәрбиесі бірінші орында тұрады. Ендеше тазалықты өзіңізден ­бастап, ізіңізден ерген балаңызды да соған баули біліңіз.


Айнұр ӘЛИ
20 тамыз 2024 ж. 91 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930