Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда психолог қызметі қанша тұрады

Қазақстанда психолог қызметі қанша тұрады

Қазақстан қалаларында психологтің қабылдауына жазылу құны бір-бірінен алшақ. Кейде 4 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге дейін жетеді.
Коллаж: Kazinform/ Canva
Өңірлердегі қалалардың ішінде Петропавл мен Талдықорғанда баға қолжетімді. Мұнда психологтың бір сағаттық сеансы 4 мың теңге деп белгіленген.
Ал ең жоғары баға Астана қаласында тіркелді. Елордада кеңес алу құны 10 мың теңгеден басталып 100 мың теңгеге дейін жетеді.
Еліміз бойынша орташа баға 8 000 – 35 000 теңге аралығында. Дегенмен ірі мегаполистерде, халықаралық дәрежеде тәжірибесі бар мамандар қабылдауында баға бірнеше есе жоғары.

Фото: Kazinform
Психотерапевт маманының арнайы медициналық лицензиясы болуы тиіс және тәжірибелі маманның қабылдауы әдеттегідей қымбат.
Атырау мен Шымкентте баға арзан. Қабылдау құны 5 мың теңгеден басталады. Кеңес беру еліміз бойынша Алматыда қымбат. Мұнда бір сағаттың сеансы 50 мың теңгеге дейін жетеді. Ал Астана қаласында 45 мың теңгеге дейін барады.
Қазақстан бойынша психотерапевттің бір сағаттық қызметі орта есеппен 12 000 – 30 000 теңге аралығында.
Сарапшылардың айтуынша, психолог пен психотерапевттің қызмет ақысы жыл сайын көтеріліп келеді. Қазақстандықтар тек басына іс түскенде, күйзеліске ұшырағанда ғана емес, шер тарқатуға, өз-өзін дамытуға да маман көмегіне жүгінеді.
Бағаның өсуіне жеке психотерапевттер санының көбеюі, онлайн кеңес пен халықаралық әдісті енгізу жолы әсер етіп тұр. Дегенмен өңірлерде топтық кеңес беру, мектеп және ұжымдық психологтар қызметі де бар. Оған онлайн қызметті де қосуға болады. Бұл бағаны тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді.
Бұған дейін Психологиялық қолдау орталығынан 20 мыңнан астам қазақстандықтың көмек алғаны туралы айтылды.

02 қараша 2025 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930